Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Қазақстан U-21 құрамасы Мальтаға қарсы кездесу өткізеді

16 қарашада Паолада (Мальта) жастар арасындағы футболдан 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчы өтеді. Онда Мальта құрамасы Қазақстан құрамасын қабылдайды. Мальта — Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 23:00-де басталады.

Қазақстанның жастар құрамасы Ыстамбұл арқылы транзитпен Мальтаға келді. Аталмыш мемлекет аумағында Қайрат Нұрдәулетовтің командасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің матчын өткізеді. Мальта жастар командасына қарсы ойын біздің жігіттер үшін осы жылдың қорытындысы болмақ. Қазақстандық футболшылар келгеннен кейін қалпына келтіру жаттығуын өткізді.

Ел құрамасы Испания, Бельгия, Шотландия, Мажарстан және Мальта құрамаларымен бірге «В» тобына түсті. Кездесу алдында Қазақстан мен Мальта құрамаларының активтерінде бір де бір ұпай жоқ және тиісінше В тобында бесінші және алтыншы орындарда тұр. Еуро-2025 іріктеу кезеңіндегі соңғы матчта Қазақстан өз алаңында Испаниядан ұтылды – 0:4, ал Мальта Шотландияға сырт алаңда 1:2 есебімен есе жіберді. Қазіргі уақытта топтың көшбасшысы Испания мен Бельгия құрамалары. Үш ойыннан кейін олардың әрқайсысында 9 ұпайдан бар.

Қазақстан жастар құрамасының Мальтаға қарсы өтетін матчқа шақырту алған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Никита Пивкин («Елімай»), Данила Карпиков («Шахтер»);

Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов, Ерсұлтан Қалдыбеков (екеуі де – «Атырау»), Александр Широбоков, Сұлтан Асқаров, Лев Кургин (барлығы – «Қайрат»), Саламат Жұмабеков («Астана»);

Жартылай қорғаушылар: Нурғайни Бөрібаев («Тұран»), Мейрамбек Қалмырза («Оқжетпес»), Давид Есімбеков («Жетісу»), Абылайхан Назымханов, Айбар Абдулла (екеуі де – «Шахтер»), Нұрали Жақсылық («Астана»);

Шабуылшылар: Сэйф Попов («Қайрат»), Денис Митрофанов («Ислочь», Беларусь);

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz