Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте жылды 9-орынмен қорытындылады

Халықаралық теннис федерациясы әлемдегі әйелдер құрамалары арасында жаңартылған рейтингті жария етті.

Командалық әлем чемпионатының қорытындысымен қазақстандық құрама дүниежүзілік рейтингте 9-орынға жайғасты.

Испанияның Севилья қаласында өткен Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде командалар үш-үштен төрт топқа бөлініп, шеберлік байқасты. Қазақстан Словениядан қалып қойғанымен, өз тобында Аустралияны артқа тастап, екінші орынға ие болды. Сөйтіп, үздік сегіз команданың қатарына енді. Бірақ барлық құрамалардың көрсеткіштерін және бұрыннан жинаған ұпайларын есептегенде, қазақстандықтар 9-сатыға тұрақтады.

Қазақстан командасы Германия, Словакия, Румыния, Бельгия, Ұлыбритания, Польша секілді елдерді басып озды. Қазақстан әйелдер құрамасы биылғы сәуірде өзінің ең үздік көрсеткіші – жетінші орынға көтерілген еді.

Әлемдік рейтингте биылғы Билли Джин Кинг кубогін өз тарихында алғаш рет жеңіп алған Канада көш бастады. Одан кейін Аустралия, Швейцария, Чехия, Италия, Франция, Испания, АҚШ, Қазақстан және Германия командалары орналасты.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz