Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Нұралы Әліпке «Манчестер Юнайтед» клубы қызығушылық танытуда

Топ-клуб Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Әліпке көз тіккен. Ал бұған Қазақстан құрамасының Еуро-2024 додасына іріктеуде сәтті өнер көрсетуі себеп болды.

«Манчестер Юнайтед» соңғы уақытта ойыншыларға көп қаражатжұмсады. Алайда, олардың барлығы өзін ақтап жатқан жоқ. Сондықтан клуб талантты қазақстандық ойыншыны аз ақшаға сатып алуды жөн көрді. Гарри Магуайр мен Люк Эванс енді сенім артатындай емес. Қақпа алдында барын салатын қорғаушыға ақша бөлетін кез келді.

«Трансфермаркетте» Нұралы Әліп 2 миллион еуроға бағаланады. Алайда, осы жазда «Фенербахче» 3 миллион еуро төлеуге дайын болды. Алайда «Зенит» футболшыны 5 миллион еуроға бағалады.

«Манчестер Юнайтед» командасының қазақстандық қорғаушы үшін қажетті соманы төлеуге шамасы  жетеді. Сондықтан алдағы уақытта футболшының топ-трансферіне куә болып қалуымыз әбден мүмкін. Түрік клубтарының бірі келісімге делдал болуы ғажап емес. Өйткені, қазір санкцияларға байланысты футболшы үшін Ресейге тікелей төлем жасау еуропалық клуб үшін мүмкін болмайды.

Ал ең қымбат қазақстандық ойыншыларға келер болсақ, көшті Бахтиёр Зайнутдинов бастап тұр. Қазір ол 6,5 миллион еуроға бағаланып отыр. Бұл 21 миллион еуроға бағаланған бүкіл ұлттық құрама құнының шамамен үштен бір бөлігі Екінші орында Нұралы Әліп – 2 миллион еуро. Үшінші Марат Быстров – 1 миллион еуро. Максим Самородов пен Александр Зуев 900 мың еуро, ал Абат Айымбетов 800 мың еуроға бағаланып отыр. Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий 600 мың еуро тұрады.

Айте кетейік, Қазақстан — Словения арасындағы матчқа футболшыларымыздың ойынын бағалауға Еуропаның бірқаттар скауттері келген болатын.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz