Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

«Барыс»-«Нефтехимик». Матч алдында

«Барыс» қараша айындағы өз айдынында өткізетін соңғы матчтар сериясын «Нефтехимикпен» өтетін кездесумен ашады.

Соңғы матчта Нижнекамск командасы өз алаңында Салават Юлаевты ұтты (3:2). «Нефтехимик» ойынды ойдағыдай бастап, үш доп басымдығымен алға шықты. Бірақ қарсыласына есеп айырмасын минимумға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Дегенмен екі ұпай алаң иелеріне бұйырды. Дубль авторы Илья Хохлов пен Болат Шафигуллин. Қақпашы Андрей Тихомиров қақпаға бағытталған 37 соққыны қайтарған екен.

33 матчта «Нефтехимик» 33 ұпай жинады. Бұл нәтиже нижнекамск командасына кубоктік сегіз команда қатарына ілігуге мүмкіндік береді. Аталмыш ұжымның үздік бомбардирі Андрей Белозеров (9+11), ол командада бірінші болып бір маусымда 20 ұпайлық көрсеткішке жетті. Лукаш Клок (3+16) ағымдағы чемпионаттағы ең нәтижелі қорғаушылардың бірі атанды. Қақпашы Эмиль Гарипов жарақат алғандардың тізімінде. Сондай-ақ кеше клубтың баспасөз қызметі команданың бас бапкер Олег Леонтьевпен ынтымақтастықты тағы үш жылға ұзартқанын хабарлады.

«Барыс» қараша айында сырт алаңдағы матчтардың соңғы сериясын сәтсіз өткізіп, үш матчта небәрі екі гол соқты. Дүйсенбі күні астаналықтар «Торпедодан» 2:4 есебімен жеңіліп қалды. Команданың үздік бомбардирі Райли Барбер (10+13) соңғы бес матчта көзге түсе алмады. Инсайдерлердің хабарлауынша америкалық форвард «Ак Барсқа» ауысады.

«Бұл команданың менеджерлері қазірдің өзінде хоккейшінің ауысу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Ойыншыны басқа ойыншыға айырбастау немесе ақшалай өтемақы алу нұсқалары талқыланып жатыр. Райли бүгін команда сапында болмайтын шығар!» — деп хабарлады «Головой об Лед» басылымы.

Барбер «Барысқа» осы жылдың тамыз айында келген. Шабуылшы команданың ең үздік бомбардирі. Америкалық хоккейші 28 ойында гол+пас жүйесі арқылы 23 (10+13) ұпай жинады.

Ал Алекс Грант пен Самат Данияр жарақаттарын емдеуді жалғастыруда. 34 кездесуден кейін 25 ұпай жинаған «Барыс» Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 11-ші орында. «Нефтехимик» 33 ойыннан кейін 33 ұпай жинап, «Шығыста» тоғызыншы орында келеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz