«Барыс» қараша айының өз алаңындағы ойындардың соңғы сериясын «Витязьбен» өткен кездесумен жалғастырды.
Мәскеу облысының ұжымы өткен турда өз алаңында «Ак Барстардан» 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Дмитрий Шикин қақпаға бағытталған 16 соққыға тойтарыс берді. 35 матчта «Витязь» 28 ұпай жинады, бүгінгі таңда команда Батыс конференциясының турнирлік кестесін жабуда. Үздік бомбардир форвард Дерек Барак (6+14) болды.
«Барыс» өткен турда «Нефтехимикті» (4:3) овертаймда жеңіп, жеңілістер сериясын үзді. ҚХЛ-дағы алғашқы шайбаны 19 жастағы шабуылшы Руслан Оспанов өаөапаға дәл бағыттады. Тағы бірнеше рет Нельсон Ножье, Кирилл Савицкий және Понтус Оберг көзге түсті. Аркадий Шестаков (4+6) қазіргі чемпионатта он ұпай жинады.
Ал бүгінгі матчта Рудольф Сервени Михаил Рахмановтың орнына шықты. Алғашқы минуттардан-ақ Эдвард Паскуале қақпадан орын алды. Айдын иелері екінші ауысымда есеп ашты. Кирилл Савицкий тамаша жеке пас шығарып, Максим Дорожкодан айласын асырды. Бірақ, осыдан кейін «Витязь» қатарынан бес гол соғып, жеңіске жетті.
30 қарашада Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері өз алаңында «Металлургты» қабылдайды.
«Барыс» – «Витязь» 2:5 (1:2, 0:1, 1:2)
1:0 – 01:28 – Савицкий
1:1 – 03:58 – Савчик Г.М
1:2 – 10:16 – Барак (Дарьин, Уилсон)
1:3 – 26:26 – Дарьин (Барак)
1:4 – 46:46 – Уилсон (Рой, Дарьин)
1:5 – 47:41 – Яремчук (Тимашов, Головков)
2:5 – 58:43 – Шестаков (Мұратов, Бекетаев) Г.Б
Қақпашылар: Паскуале – Дорожко
Айта кетейік, күні кеше елордалық ұжым туған күнін атап өтті. Алғаш рет 1999 жылы 26 қарашада ел астанасында «Барыс» хоккей клубы өқрылып, биыл 24 жасқа толды!