Өткен аптада қазақстандық жасөспірімдер халықаралық турнирлерде көрсеткен тамаша нәтижелерімен жанкүйерлерді қуантты.
Астанада өткен ITF Juniors J30 сериялы турнирінде Сати Әубәкірова жекелей сында чемпион атанды. Финалда қазақстандық жас теннисші қыз ресейлік Радмила Рахматулинадан басым түсті — 6:4, 7:5. Жұптық сайыста Сати Әубәкірова/Ариана Колбасинаны 1:6, 6:3, 10:5 есебімен жеңген Амира Қазтуған мен Яна Ким жұбы жеңіс тойын тойлады.
Ұлдар арасында Ерасыл Бақтияр шешуші ойында ресейлік Дмитрий Титовке 1:6, 3:6 есебімен есе жіберіп, финалист атанды. Жұптық сайыста финалда ресейлік Алан Аюханов/Артем Семенов дуэтін 6:3, 6:4 есебімен ұтқан Ерасыл Бақтияр/Демид Горбачев жұбы жеңіске жетті.
Дубайда ITF Juniors J60 сериялы турнирі аяқталды. Қазақстандық Жақас Қозбақ жұптық сайыста чемпион атанды. Өзбек Бобур Мадаминовпен Александр Даскович(Сербия)/Райн Катхартты (Үндістан) 4:6, 6:3, 12:10 есебімен ұтты.
Ал Катарда ATF сериялы турнирі — Qatar Asian Junior 14&U өтті. Екібастұз теннис мектебінің ттүлегі Гүлден Азаматқызы тамаша нәтиже көрсетті. Қазақстандық жекелей сында финалда Дания Хазлиді (Малайзия) 7:5, 7:6 есебімен ұтты.
Жұптық сайыста Гүлден Сұлтана Ержановамен бірге қазақстандық Медина Өтепберген/Виолетта Волкова жұбынан 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.