Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионаты алдында оқу-жаттығу жиындарын бастады

10-16 желтоқсан аралығында Венгрияның Будапешт қаласында IA дивизионында жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Ерлер арасында қазақстан құрамасы элиталық дивизионға берілетін жалғыз жолдама үшін Франция, Дания, Жапония, Венгрия және Аустрия командаларымен сынға түседі. Турнирге дайындық аясында 28 қарашада «Барыс Аренада» оқу-жаттығу жиындары басталды. 3 желтоқсанда команда Будапешттегі оқу-жаттығу жиынының екінші кезеңіне аттанады. Онда Венгрия және Франциямен екі жолдастық кездесу өткізеді. Ойындар 5 және 7 желтоқсанға жоспарланған. Турнир қожайындарына қарсы алғашқы кездесу 10 желтоқсанда өтеді.

Қазақстан құрамасының жастар арасындағы әлем чемпионатында бірінші дивизионның А тобындағы матчтарының кестесі белгілі болды.

Ойын кестесі:

10.12.2023, 21:00 – Венгрия – Қазақстан

11.12.2023, 21:00 – Қазақстан – Дания

13.12.2023, 17:30 – Қазақстан – Франция

14.12.2023, 17:30 – Қазақстан – Жапония

17.12.2023, 00:30 – Аустрия – Қазақстан

Айта кетейік, хоккейден Қазақстан жастар құрамасы соңғы рет «Болашақ кубогының финалдық кездесуінде өнер көрсетті. Бірінші кезеңде 0:3 есебімен жеңілген. Қазақстан жастар құрамасы екінші кезеңнің соңында қатарынан үш гол соғып, есепті теңестірді. Алдымен капитан Роман Ермак ойынның бірінші бөлігінде гол соқты, одан кейін Асанәлі Русланұлы екінші, 20 секундтан кейін Ермак дубль жасады. Бірақ камбэк болған жоқ — ойынның соңғы бес минутында қарсылас біздің қақпаға екі рет соққы жасады — 3:5. Ал Роман Ермак Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы деп танылды. Енді Сергей Старыгин шәкірттері жастар арасындағы әлем чемпионатында да нәтижелі өнер көрсетеді деген үміттеміз.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz