Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Спортшыларымыздың Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиадаға дайындығы қалай?

2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 ​​шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.

Елордада Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен дене шынықтыру және спорт саласындағы мәселелер және ел спортшыларының Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиадаға дайындығы мен қатысуы бойынша кеңейтілген алқалы отырыс өтті. Бұл туралы Туризм және спорт министрілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Басқосуға өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, Ұлттық Олимпиада комитетінің, республикалық федерация өкілдері, ұлттық құрама командалардың бас жаттықтырушылары, олимпиадалық спорт түрлері бойынша Мемлекеттік жаттықтырушылары және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысып жатыр.
Жиын барысында қатысушылар күн тәртібінде тұрған бес мәселені талқыланды. Олар — спорт түрлері бойынша ұлттық құрама команда спортшыларының лицензиялық жарыстарға және 2024 жылы Парижде өтетін 33 жазғы Олимпиадаға дайындық барысы, Қазақстанда спорттық медицинаны дамытудың өзекті мәселелерін, спорттағы допингке қарсы бағдарламасы, спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жүйесі, саланы дамытудың негізгі міндеттерін айқындау.

«Жоғары санатты спортшыларды дайындаудағы басты мәселелердің бірі – спорттық резерв. Ұзын орындықсыз және ішкі бәсекелестік болмаса, халықаралық аренада нәтижеге жету қиын. Бүгінде елімізде спортшыларды даярлаудың бастапқы кезеңінен бастап үлкен спортқа дейін даярлау жүйесі құрылды. Осы ұйымдардың қызметіне жүргізілген талдау кейбір жүйелік проблемалардың бар екенін көрсетті. Мәселен, көптеген өңірде БЖСМ-де (ДЮСШ) олимпиадалық емес спорт түрлерінің дамуы басым. Мысалы, 2018 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысында олардың саны 8 бірлікке, Маңғыстау және Түркістан облыстарында 6 бірлікке артты. Бұл жағдай барлығына қолайлы деп болжауға болады, өйткені әлеуметтік басқару персоналы және жаттықтырушылар жоғары үстемеақы алады. Олимпиадалық емес спорт түрлерінде, бәсекелестік бірнеше есе көп болатын олимпиадалық спорт түрлеріне қарағанда, нәтижелерді көрсету оңайырақ», — деді Ермек Маржықпаев.

Туризм және спорт министрі спорт саласының маңызды бағыттарының бірі – ұлттық спорт түрлерін дамыту екенін де ерекще атап өтті.

«Елімізде ұлттық спорт түрлері жылдан жылға кең қанат жайып, ел тұрғындарының рухын көтеруде. Бүгін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстар басталды. 100-ден астам елден делегация қатысады деп күтілуде, бұл бізге үлкен жауапкершілікті жүктейді. Біз Түрік мемлекеттер одақтастығына халықаралық тұсаукесерін өткіздік, онда қатысушы елдерден Ойындардың ережесі бойынша ұсыныстар келіп түсті, оларды тез арада пысықтау қажет.
Сонымен қатар Заңнамалық түзетулер енгізу және шығындарды қаржыландыру да ашық күйінде қалып отыр. Қысқа мерзімді ескере отырып, министрлік аппараты салалық комитетпен бірлесіп осы мәселелерді шешуі қажет», — деді Ермек Маржықпаев.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz