Алматылық «Қайрат» Косово астанасы Приштина қаласында футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық раундының топтық кезеңіндегі үшінші ойынын өткізді.
Марлон Веласко шәкірттері алаңда словениялық «Добовец» клубымен кездесіп, 7:0 есебімен ірі жеңіске жетті. Кездесудің үшінші минутында словениялық клубтың шабуылшысы Родриго Дасаев допты өз қақпасына бағыттады. Алматылықтар голды Кайо Руис (15-минут), Дуглас Жуниор (19-шы), Алекс Виана (22-ші, 40-шы), Біржан Оразов (23-ші) және Альберт Акбаликов (28-ші) соқты.
Айта кетейік, осы матчтан кейін «Қайрат» В тобында алты ұпай жинап, екінші орында қалды және алты ұпайы бар португалиялық «Бенфикадан» (2:3) жеңілгеннен кейін бұдан былай турнирдің финалына шығуға мүмкіндігі жоқ.
Ал бүгін «Бенфика» 10:1 есебімен жеңіске жетті. Футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық раундының топтық кезеңінің үшінші турындағы ойында португалиялық «Бенфика» косоволық «Приштинаға» еш мүмкіндік қалдырмады. Португалия құрамасы сапынан Афонсо Хесус, Диего Нунес және Сильвестр Феррейра дубль авторы атанса, Жакаре, Бруно Синтра, Игорь Соуса және Бруно Коэльо бір голдан соқты. Приштина сапынан Дрилен Мажарраж көзге түсті. «Бенфика» үш матчтан кейін тоғыз ұпаймен В тобында сенімді түрде көш бастап, финалға шықты. Алматылық «Қайрат» алты ұпаймен екінші орынға жайғасты. Словениялық «Добовец» пен «Приштина» бір ұпайдан еншіледі.
Элиталық раундта командалар төрт квартетке (әрқайсысында төрт клубтан) бөлінеді. Топ жеңімпаздары Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне жолдама алды. Матчтар 2-3 мамыр және 4-5 мамырда өтеді. Шешуші кезеңнің қожайындары мен жеребе тарту күні кейінірек белгілі болады.