Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Астанада алғаш рет діни конференциялар өкілдері арасында футбол турнирі өтті

Футбол үйінде шағын футболдан «Діни конфессиялар арасында Қазақстан Футбол Федерациясының Достық кубогы» турнирі өтті.

ҚР Тәуелсіздік күніне және Қазақстан футболына 110 толуына арналған турнир Астана қаласының Діндерді зерттеу орталығының қолдауымен өтті. Бұл іс-шара  бейбітшілік пен келісім мәдениетінің ажырамас элементі саналатын дінаралық және конфессияаралық диалогты нығайтуға бағытталған.

Айта кететін жайт, 2023 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі XXI Хатшылығы отырысы өтті. Сол кезде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі жиырма жылға жуық қызметінде дінаралық бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, толеранттылық пен өзара қолдау идеяларын ілгерілетуге елеулі үлес қосқанын, маңызды әлемдік проблемаларды шешуге ықпал еткенін атап өтті.

Турнирдің салтанатты ашылуына Астана қаласы Діндерді зерттеу орталығының директоры Алмас Ерназаров, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі, Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов, архиепископ, Астанадағы Әулие Мария Архиепархиясының митрополиті Томаш Пэта, Қазақстанның Евангелиялық сенімі Христиан шіркеулері Одағының Өңірлік үйлестірушісі Сергей Кан және Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қатысты.

ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов футболдың әр түрлі діндер арасындағы құрмет пен ынтымақтастығында маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Бүгінгі таңда елімізде 18 конфессиядан тұратын 3800-ден астам түрлі діни бірлестік бар екенін және бәрі бейбітшілікте өмір сүріп жатқанын білеміз. УЕФА өткен бұл турнир ұлттық бірегейліктің, мәдени әртүрліліктің және әлеуметтік ынтымақтастықтың бейнесі. Турнир бәрімізге тек қуаныш пен жағымды эмоциялар әкелсін», – деді Барменқұлов.

ҚФФ Кубогында әр түрлі діни бірлестік қауымынан 12 команда бақ сынады. Жеңімпаз командаға «Діни конфессиялар арасындағы Достық кубогы» табысталып, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz