Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Попко мен Ломакин ITF сериялы турнирлерде жеңіске жетті

Дмитрий Попко (504 ATP) осы маусымда ITF M15 сериясының екінші титулын жеңіп алды. Ол Түркияның Анталия қаласында өткен турнирде жекелей сында чемпион атанды.

Финалдық кездесуде қазақстандық теннисші өзбекстандық Сергей Фоминмен (728 ATP) сынға түсті. Попко бірінші сетті 6:4 есебімен алға шыққанымен, екінші сетте қарсыласы есепті теңестіріп кетті — 3:6. Шешуші үшінші сетте. Дмитрий 6:2 есебімен сенімді жеңіске жетті. Жалпы, Попко қазіргі уақытта Халықаралық теннис федерациясының ұйымдастрыуымен өткен турнирлерде 27 жеңіске ие болды: жекелей сында 21 жүлде және жұптық жарыста 6 жүлде иеленді.

Сондай-ақ Григорий Ломакин қазақстандық жанкүйерлерді жеңістерімен қуантып келеді. Бұл жолы қазақстандық спортшы Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында өткен ITF M15 сериялы турнирінде жеңімпаз атанды.

Украиналық Вадим Урсумен бірге Ломакин финалда италиялықтар Филиберто Фумагалли/Самюэль Винсент-Руджери дуэтін 6:2, 4:6, 10:5 есебімен жеңді. Осылайша, Ломакин мансабындағы ITF сериялы  турнирлеріндегі жұптық сайыстағы 21-ші жеңісін, жұптық жарыс бойынша осы маусымдағы төртінші жеңісін және Шарм-эль-Шейх корттарында бір айдағы екінші жеңісін тойлады.

Өкінішке қарай әйелдер арасындағы жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Францияда өтіп жатқан WTA 125 турнирінің финалында жеңіске жете алмады. Ресейлік теннисші Александра Пановамен бірге қазақстандық спортшы чемпиондық тартыста Кристина Бусе (Испания)/Моника Никулескудан (Румыния) 1:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Ал 15 жастағы Заңғар Нұрланұлы халықаралық турнирде жақсы нәтиже көрсетті. Жас қазақстандық Латвияда өткен ITF Juniors J100 сериялы турнирінің финалисті атанды. Ол финалдық кездесуде 17 жастағы поляк Якуб Джеджариктен 3:6, 4:6 есебімен ұтылды.п

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz