Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

Қазақстан жастар арасындағы хоккейден әлем чемпионатын сәтті бастады

Жастар арасындағы әлем чемпионатының алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы айдын қожайындары – Венгрия құрамасымен кездесті.

Матчта 4-минутта Давлат Нұркенов есеп ашты. Көп ұзамай Егор Смолянинов есепті еселеді. Екінші кезеңнің соңына қарай қарсыластар есепті теңестіре білсе, үшінші кезеңде хоккейшілеріміз басымдықты қолға алды. Жастар құрамасы сапынан Артем Авдеенко мен Всеволод Логвин соқты гол соқты. Ал 57-минутта  Логвин дубль авторы атанып, матчтың нүктесін қойды. Осылайша Қазақстан жастар құрамасы 5:2 есебімен турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Венгрия – Қазақстан – 2:5 (1:2, 1:0, 0:3)

0:1 – 03:36 — Нұркенов (Оразов, Ким)

0:2 – 12:14 — Смолянинов (Ермак, Оспанов)

1:2 – 13:26 — Михалик (Добош)

2:2 – 38:16 — Добош (Хисл, Байко)

2:3 — 48:47 — Авдеенко (Нұркенов)

2:4 – 52:40 — Логвин (Хан, Ермак)

2:5 – 57:13 — Логвин Г.М

Қақпашылар: Хегедюш – Никитин

Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы сапынан шабуылшы Давлат Нұркенов үздік ойыншы деп танылды. Ол «+1» пайдалылық көрсеткішімен 2 (0+2) ұпай жинады. Енді 11 желтоқсанда Сергей Старыгин шәкірттері Данияға қарсы ойнайды. Матч Астана уақытымен 21:00-де басталады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz