Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Ел чемпионының «Аймақтар кубогындағы» қарсыластары белгілі болды

Швейцарияның Ньон қаласында әуесқой командалар арасындағы УЕФА Аймақтар кубогының жеребесі тартылды.

Әуесқойлар арасында ел чемпионы – Павлодар облысының «Ақбет» командасы турнирдің аралық кезеңіне қатысады. Жеребе тарту барысында 32 команда төрт-төрттен сегіз топқа бөлінді. Біздің команда 1-топқа түсті. Қарсыласымыз – Украина, Польша және Израиль чемпиондары.

Аралық раундтың матчтары 2024 жылы 6 желтоқсанға дейін өтуі қажет. Алты жеңімпаз 2025 жылдың маусым не шілде айының соңғы екі аптасына жоспарланған финалдық кезеңге жолдама алады.  Турнирде ел намысын 2023 жылғы маусымда әуесқой командалар арасындағы ҚР Чемпионатының қорытындысы бойынша бірінші орын алған Павлодар облысының «Ақбет» командасы қорғайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы маусымдағы әуесқой командалар арасындағы футболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының финалы қазан айында өтті. Финалдық турнирге облыстық  кезеңнен жеңімпаз атанған 10 команда қатысты. Жарыс Павлодар қаласының орталық стадионында өтті. Бірінші орынды – «Акбет» (Павлодар облысы) командасы,
2 орынды – «КСК» (Қостанай облысы), 3 орынды – «VODNIK» (Алматы облысы) командасы иеленді. Осылайша әуесқойлар арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы 2024-25 маусымында өтетін УЕФА аймақтар кубогына қатысу құқығын иеленген болатын.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz