Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Рыбакина жартылай финалда

Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық спортшы ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 28-орында тұрған ресейлік Анастасия Потаповамен шеберлік таластырды. Осыған дейін қарсыластар бір-ақ мәрте кездесіп, онда ресейлік теннисші жеңген екен. Бұл жолы бірінші партияда есеп 2:1 болған мезетте Елена брейк жасай алды.

Есеп 4:1 болғанда, Потапова медициналық көмекке жүгінді. Бұдан кейін тағы бір брейк жасаған Елена алғашқы партияны 6:1 есебімен аяқтады. Осыдан соң Анастасия бәсекені жалғастырудан бас тартты. Жарты сағатқа созылған кездесуде қазақстандық теннисші 2 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың екеуін пайдаланып үлгерді.

Жарыстың 1/2 финалында Рыбакина ширек финалда ресейлік Мирра Андрееваны 7:5, 6:3 есебімен ұтқан чехиялық теннисші Линда Носковамен сынға түседі. Олардың арасындағы кездесу бір сағат 40 минутқа созылды. Рыбакина мен Носкова арасындағы матч 6 қаңтар күні таңертең өтеді.

Айта кетейік, 2023 жылдың 31 желтоқсаны мен 2024 жылдың 7 қаңтары аралығында Брисбенде өтіп жатқан теннис маусымының бірінші WTA 500 турнирі әлемнің ең мықты деген теннисшілерін  жинады. Жарыстың фавориттері Аустралия ашық чемпионатының былтырғы жеңімпаздары – чемпион Арина Соболенко (әлемнің екінші ракеткасы) мен финалист Елена Рыбакина (әлемнің төртінші ракеткасы) болды. Топ-20 теннисшінің алтауы, жоғарыда аталғандардан басқа Алена Остапенко, Людмила Самсонова, Вероника Кудерметова және Дарья Касаткина Брисбенде өнер көрсетті. Сонымен қатар, Брисбенде ұзақ үзілістен кейін Наоми Осака WTA турына оралды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz