Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Елена Рыбакина Брисбенде өткен турнирдің чемпионы атанды

Бүгін, 7-қаңтар Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды. Қазақстандық теннисші финалда өзінің басты қарсыластарының бірі, әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда Елена бет қаратпады — 6:0. Екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді — 6:3. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Рыбакина 7 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

Матч аяқталған соң Елена Арина Соболенконы жеңгеніне қатысты пікір білдірді.

«Мен Аринаны тамаша жарыс аптасымен және керемет өткен маусыммен құттықтағым келеді! Әлі де бір емес бірнеше рет кездесетінімізге сенімдімін. Бұл үлкен шайқас болды. Біз әрқашан бір-бірімізді алға жетелеп, ойынымызды жетілдіреміз. Осылай жалғастырамыз деген ойдамын. Мен де сіздің командаңызды құттықтаймын. Арина не айтса да, олар жақсы жұмыс жасады! Бізді қолдағандардың барлығына алғыс айтқым келеді. Мұнда атмосфера керемет болды. Бұл менің Брисбендегі алғашқы турнирім. Келесі жылы осында қайта оралатыныма сенімдімін», — деді Рыбакина.

Осы табысының арқасында Рыбакина 220 000 доллар, ал Соболенко 135 000 доллар сыйақы алады. Сонымен қатар Елена 500  рейтингтік ұпай жинап, әлемдік рейтингте үшінші орынға көтеріледі. Брисбендегі турнирге дейін ол төртінші орында болатын.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz