Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

Даниил Цыбин: «Польшамен өтетін ойында жеңіске жетуге дайынбыз»

Қазақстандық «Номад» командасы Уэльсте өтіп жатқан Қүрлық кубогында мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

«Көшпенділердің» шабуылшысы Даниил Цыбин Ұлыбританиядан алған әсерімен және Құрлық кубогындағы соққан алғашқы голы туралы ой бөлісті.

— Ұлыбритания қалай екен? Тұманды Альбионды аралап көрдіңіз бе?

— Ұлыбритания өте әдемі. Бізге бұл ел ұнады. Қаланы аралап, көрікті жерлерді және әдемі сарайларды тамашалауға уақыт таптық.

– Турнирдің ұйымдастырылуы туралы не айтасыз?

– Турнирдің ұйымдастырылуы өте жақсы. Ұсақ-түйекке дейін барлығы ойластырылған. Үздік ойыншылар марапатталып жатыр. Трибунада жанкүйерлер көп. Алайда біздің жанкүйерлеріміздің жоқтығы өкінішті.

— Алғашқы екі қарсыластарыңыз қалай? Қай командамен ойнау қиын болды?

— Командалардың деңгейі өте жоғары. Оларға қарсы ойнау қиын. Бірақ біздің команда біртұтас және жақсы дайындалған. Сондықтан біз екі командамен де сынға түсіп, жеңіске жеттік.

Бұл командалардың деңгейі Қазақстан чемпионатынан қаншалықты ерекшеленеді?

– Қазақстан чемпионатында жылдам және агрессивті ойнайды. Бірақ бұл турнирде хоккейшілер екі, тіпті үш есе жылдам ойнайды.  Ойын барысында кортта да, бестік сызықта да салмақты тартыс және әлдеқайда агрессивті, күшті күрес жүріп жатады.

– Екінші матчта гол соқтыңыз. Алған әсеріңіз қандай және бұл сіз үшін қаншалықты маңызды?

— Гол соға алғаныма қуаныштымын! Өйткені мен соққан әрбір гол мені сенімділік пен алға жылжуға, дұрыс бағытта жұмыс істеуге жігерлендіреді. Командаластарыма рахмет. Жалпы, эмоция басым болды.

— Алда тағы бір матч бар.  Сіз қарсылас команда туралы не білесіз және ойын алдындағы көңіл-күйіңіз қандай?

— Қарсыласымызды жақсы білмеймін. Ең бастысы, командада, менде керемет мотивация бар. Өйткені біз жеңіске жету үшін жақсы екі қадам жасадық. Құрлық кубогын мерзімінен бұрын жеңіп алғанымызға қарамастан, Польшамен кездесуге шығып, жеңіске жетуге дайынбыз.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz