«Барыс» өз айдынындағы ойындар сериясын «Авангардқа» қарсы матчпен жалғастырды.
Михаил Кравец шәкірттері өткен ойында өз айдынында «Тракторға» есе жіберді (4:5). Айдын иелері кездесудің оныншы минутына қарай 3:0 есебімен алда тұрғанымен, одан соң челябілік команда ойын тізгінін өз қолына ала білді. «Авангард» сапынан Владимир Ткачёв, Томаш Юрчо, Дамир Шарипзянов пен Рид Буше нәтижелі соққылармен көзге түсті.
«Барыс» дүйсенбі күні маусымда төртінші рет «Ақ Барстан» жеңіліс тапты. Астаналық команда қарсылас қақпасына 35 соққы жасағанымен, Давид Скленичканың соққысы ғана нәтижелі болды. Андрей Шутов 23 соққыны кері қайтарды.
Бүгінгі кездесу 3:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Қазақстандық клуб 17-минутта Аркадий Шестаковтың соққан шайбасының арқасында есеп ашты. Екінші кезеңде Авангард 27-минутта есепті теңестірді. Гол авторы Михаил Гуляев. 31-минутта Николай Прохоркин «Барыс» қақпасына екінші голды соқты. Соңғы голды үшінші кезеңнің соңында Сергей Бойков (60 минут) соқты.
Бұған дейін елордалық клуб «Ақ Барысқа» (1:3), тольяттилік «Ладаға» (0:2), Санкт-Петербургтің СКА (0:7), Екатеринбургтің «Автомобилист» (2:3) және мәскеулік ЦСКА (2:5) клубтарынан жеңілген болатын.
57 ойыннан кейін 44 ұпай жинаған қазақстандық клуб ҚХЛ Шығыс конференциясында соңғы, яғни 12-ші орында тұр. «Барыс» келесі кездесуін 4 ақпанда өткізеді. Елордалық клуб өз айдынында «Амурды» қабылдайды.