Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Рыбакина Самсоновамен сынға түседі

Бүгін, 10 ақпанда әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан WTA 500 — Mubadala Abu Dhabi Open турнирінің жартылай финалы аясында кортқа шығады. Ол әлемдік рейтингте 15-ші орында тұрған ресейлік Людмила Самсоновамен сынға түседі. Кездесу Астана уақытымен шамамен 19:00-де басталады.

Рыбакина турнирді екінші айналымнан бастап, америкалық Даниэль Коллинзді (No71) ұтты. Ал ширек финалда жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингіде 74-орында тұрған испаниялық Кристина Бучаны тізе бүктірді. Биыл Рыбакина Бучаны Аделаиде (Аустралия) додасында 6:3, 7:5 есебімен жеңген еді. Бұл жолы Елена матчты өте қарқынды бастады — 6:1. Екінші сетте керісінше испаниялық спортшы брейк жасап, алға шықты — 3:1. Дегенмен Рыбакина бірден таразы басын теңестіріп қана қоймай, кездесуді жеңіспен аяқтады — 6:4. Бір сағат 2 минутқа созылған матчта Елена 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді.

Ал Самсонова жарыс барысында украиналық Леся Цуренконы (37), Ангелина Калининаны (32), сондай-ақ чехиялық Барбора Крейчикованы (12) жеңді.

Жойқын соққылардың екі шеберінің жартылай финалда кездесуі таңқаларлық оқиға емес. Бірақ таң қалдыратын бір жайт, Рыбакина мансабында Людмила Самсоновамен төрт рет кездесу өткізіп, төртеуінде де жеңіліс тапқан. Маусымның басында қазақстандық теннисші бабында болмағандықтан, Даниэль Коллинзпен өткен кездесуде көп күш салуға тура келді. Бірақ жартылай финалда Рыбакина өзін жақсы қырынан танытты. Дегенмен, осы турнирде Самсонова мықтырақ көрінеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz