Абу-Дабиде өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында Елена Рыбакина Людмила Самсонованы жеңіп, есе қайтарды.
Осы матчқа дейін WTA деңгейіндегі турнирлердегі жеке кездесулерде Самсонова 4:0 есебімен жеңген. Дегенмен қазақстандық теннисші ақыры өзі үшін жағымсыз статистиканы бұзып, осы турнирдің бірінші ракеткасы мәртебесін растады. Оның үстіне, бірінші сетте 25 минутта Елена өз әріптесін айқын басымдықпен жеңді — 6:0.
Екінші сетте 1:4 есебімен ұтылып жатқан Рыбакина есеп бойынша қарсыласын қуып жете алмады — 4:6. Ойынның шешуші үшінші кезеңінде Елена матчтың басындағыдай тағы да ойын тізгінін өз қолына алып, сетті 6:2 және сәйкесінше жалпы матчты жеңді. Кездесу 1 сағ 51 минутқа созылды.
Жексенбі, 11 ақпанда финалда әлемдік рейтингте 5-ші орында тұрған Елена жартылай финалда бразилиялық Беатрис Хаддад Майяны 6: 3, 4 :6, 7:6 есебімен жеңген тағы бір ресейлік теннисші Дарья Касаткинамен (WTA рейтингінің 14-ші ракеткасы) кездеседі.