Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Шымкентте салынатын жаңа стадионға байланысты тың ақпараттар пайда болды

Шымкент қаласының әкімдігі екі жылдан кейін Қазақстандағы ең үлкен футбол нысанына айналатын жаңа стадион салуды көздеп отыр. Осы орайда Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Олжас Тәжібаев 24.kz тілшісіне берген сұхбатында жаңа футбол стадионының жоспары туралы айтып берді.

«Біз халықаралық талаптарға сай болу үшін бұл жобаның тұжырымдамасын және құнын зерттеп жатырмыз. Шамамен 35 мың орындық болады. Жоба бойынша бұл еліміздегі ең үлкен стадиондардың бірі болмақ», — деді Тәжібаев.

Сонымен қатар Олжас Тәжібаевтың айтуынша стадион Шымкент қаласындағы «Бозарық» шағын ықшам ауданынан бой көтереді.

«Қалада футбол стадионының құрылысына 24 гектар жер бөлінеді. Рас, алып жоба бюджеттен қанша қаржыны талап ететіні әлі есептеліп жатыр. Бірақ, арена халықаралық стандарттарға сай болатыны анық. Стадион орны үлкен автотұрақтар мен ыңғайлы жолдарды ескере отырып таңдалды. Басшылық «Бозарық» шағын ауданында стадион салуды ұйғарды. Ол жерде бос және қолайлы жер бар», — деп қоса кетті Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы.

Ал ғаламтор ақпараттарына сүйенер болсақ, Түркияның «Гентес» жобалаушы компаниясы Шымкент қаласында бой көтеретін жаңа сатдионға жоба дайындады. Стадион пішіні қазақтың киіз үйі іспеттес және ауданы 38000 м2, сыйымдылығы 33000 орындық.

«ҚР Спорт инвестициялары басқармасының тапсырысы бойынша Шымкент қаласында ФИФА мен УЕФА критерийлеріне сәйкес 33 000 орындық стадион жобасы дайындалды.

Шымкентке арналған стадионның сыртқы бейнесі жасыл желектерді қамтитын және табиғатпен үйлесетін дөңгелек пішінді құрылымға ие. Стадионды жылдың кез-келген уақытында пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін стадион төбесінің негізгі құрылымы мен көрермендерге арналған трибуналар металл массамен жабылған. Жалпы сыйымдылығы 33 000 орындық, төменгі трибунада 15 000 және жоғарғы трибунада 18 000 орындық орналастыру жоспарлануда. VIP трибуналар төменгі және жоғарғы трибуна арасында орналасқан. Әр трибуна астында көрермендер үшін жеткілікті мөлшерде дәретханалар мен буфеттер қарастырылған.

Негізгі тірек конструкциясы темір мен бетон болатын аумақта спортшыларға арналған киім ауыстыратын бөлмелер, дене қыздыру жаттығуларын жасауға арналған аймақ, төрешілер мен бақылаушыларға арналған бөлмелер, БАҚ өкілдеріне арналған әртүрлі көлемдегі және функциялы бөлмелер, VIP кіреберіс жоспарланған. Техникалық бөлмелер, диспетчерлік бөлмелер, негізгі диспетчерлік пункт, теледидар хабар тарату бөлмесі, мейрамханалар, барлар, дәретханалар болады.

Стадионның айналасында орналасқан аумақтармен бірге матч жоспарланбаған күндері пайдалануға болатын үлкен аймақ та болады. Түрлі іс-шараларды өткізу үшін 1000 орындық ашық автотұрақ қарастырылды», — делінген «Гентес» жобалаушы компаниясының ресми сайтында.

Айта кетейік, Алматы облысында жоспарланған стадион құрылысы Шымкентте салынатын стадионмен бәсекелес болуы мүмкін. Алматы агломерациясын дамытудың бас жоспарында 50 мың орындық футбол стадионы бар. Дегенмен, 50 мың орындық стадионның қашан салынатыны әлі нақтыланған жоқ. Қазіргі уақытта Қазақстандағы сыйымдылығы бойынша ең ірі стадиондар: «Астана Арена» (30 мың орын) және Алматыдағы Орталық (26 ​​мың орындық) стадион.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz