Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Бокстағы жаңашылдық. WBC президенті боксқа өзгерістер енгізуді ұсынды

Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сүлейман спорттағы революциялық шешімін жариялады. Атап айтқанда, Сүлейман төрешілердің санын арттыруды, яғни  үш емес, бес-алтауының төрешілік етуін ұсынды. Оның пікірінше, бұл әділ шешім қабылдауға оң әсер етеді.

«Иә, бұл менің ұсынысым. Көреміз. Білесіз бе, біз бокста негізінен «ескі мектептің» қолдаушыларымыз. Бізге түрлі өзгерістер ұнамайды. Бірақ, мен осы жаңашылдықты ұсынамын. Бұл идея біреулерге ұнаса, ал кейбіреулеріне тіпті ұнамады», — дейді WBC басшысы.

Сонымен қатар Сүлейман қазір жекпе-жек кезінде онлайн ұпай беретін төрешілерге арналған оқу бағдарламасын сынақтан өткізіп жатқанын айтты.

«Осы бағдарламаның нәтижелерінен кейін төрешілер саны көп болған сайын, қате шешімінің қабылдану қаупі соғұрлым аз болатынына көзім жетті. Өйткені, төрешілер да адамдар. Кез келген адам қателесуі мүмкін. Кейде бір раундтағы бір төрешінің қателігі боксшының бүкіл жекпе-жек бойы төккен терін зая кетіруі мүмкін», — деді Сүлейман.

Функционер бұл жаңашыл бастаманы 18 мамырда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін британдық Тайсон Фьюри (34-0-1, 24 КО) мен украиналық Александр Усик (21-0, 14) арасындағы жекпе-жекте сынап көрмекші.

«Бұл соңғы 25 жылдағы ең ауыр салмақтағы жекпе-жек. Сондықтан біз бәрін дұрыс жасауға тырысуымыз керек. Дереу бейнеқайталауды пайдалану мүмкіндігін ұсындық. Телеоператормен бірге жұмыс істейтін боламыз. Басты мақсат «даулы эпизодты дереу қарап шығып, дұрыс шешім қабылдау. Бұл кездесуде қателіктер болмауы керек», — деп қоса кетті Маурисио Сүлейман.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz