Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Елена Рыбакина рекорд жаңартты

Рыбакина соңғы 15 күн ішіндегі 12-кездесуін өткізеді.

Бүгін, 22 ақпанда Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы, жүлде қоры 3,2 доллардан асатын Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Duty Free Tennis Championships турнирінде жартылай финалға шығу үшін сынға түседі. Турнирдің ширек финалында WTA рейтингінде төртінші орында тұрған Рыбакина әлемнің 26-шы ракеткасы, италиялық Жасмин Паолинимен кездеседі.

Рыбакина Дубайдағы турнирдегі жарыс жолын екінші айналымнан бастап, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Виктория Азаренконы (No27) 4:6, 6:2 есебімен жеңді (қарсыласы жарысты жалғастырудан бас тартты). Осыдан кейін қазақстандық теннисші үш сетте 7:6, 3:6, 6:4 есебімен польшалық Магдалена Френхты жеңіп, тарихта қалды.

«Дубайдағы турнирдің 1/8 финалында жеңіске жеткен Елена Рыбакина соңғы онжылдықта Карла Суарес Наварро (2015ж) мен Гарбинье Мугурусадан (2020 ж) кейін маусымның алғашқы екі айында WTA турнирлерінің бесінші ширек финалына шыққан тарихта үшінші теннисші болды», — деп хабарлады OptaAce.

Паолиниге келсек, Дубайдағы турнирде бразилиялық Беатрис Аддад Майяны – 4:6, 6:4, 6:0, канадалық Лейла Фернандесті – 6:3, 6:4 және грекиялық Мария Саккариді — 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Елена Рыбакина биыл керемет нәтиже көрсетуде. Оның рекордындағы жалғыз кемшілік — ең маңызды турнирде ерте жеңілу. Бүгінгі матч Рыбакина үшін 15 күнде 12-ші кездесуі болмақ. Жасмин Паолини биылғы маусымда мансабындағы ең жақсы теннис көрсетіп жүр. Сондықтан бұл Елена үшін оңай матч болмайды. Соған қарамастан сарапшылар Елена сөзсіз жеңіске жетеді деп отыр. Матчтың басталуы бүгін, 22-ақпан Астана уақытымен 17:30-ға жоспарланған.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz