Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Қазақстандық жас теннисшілер халықаралық турнирлерде табысты өнер көрсетті

Каирда бірінші санаттағы J500 ITF Juniors жарысында Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева жұптық сында үздік шықты. Қазақстандықтар финалда доданың 2-ракеткалары, сербиялық Теодора Костович – чехиялық Люси Урбанованы қапы қалдырды – 6:1, 7:5. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

14 жасқа дейінгілер арасында да қазақстандықтар ерекше көзге түсті. Родион Трайгель Түркияда Tennis Europe Soul Cup турнирінің абсолютті чемпионы атанды. Ол жекелей сында соңғы бәсекеде грузиялық Зука Кашешвилиді ойсырата ұтты – 6:0, 6:1. Ал Аңсар Ниетқалиевпен бірге жұптық сында болгариялықтар Горгиев – Тзонковтан айласын асырды – 6:3, 7:5.

Темірлан Жантеміров Польшада ТЕ Kozerki Cup by HEAD додасында чемпион атанаса, ал жекелей сында тек финалда ғана фин Адам Напариге жол берді – 3:6, 1:6.

Әмір Омарханов пен Даниал Рахматуллаев Оңтүстік Америкадағы сапарын жалғастыруда. Қазақстандық теннисшілер ITF GSPDF Team құрамында турға шақырту алған болатын. Бұған дейін мұндай додаға Диас Досқараев, Ирина Силютина, Сандуғаш Кенжебаева қатысқан еді. Өткен аптада Асунсьонда J300 турнирінде Әмір жартылай, Даниал ширек финалға дейін жетті. Осы аптада Омарханов пен Рахматуллаев Порту-Алегриде (Бразилия) дәл осындай жарыста бақ сынайды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz