28 ақпанда Италияда «Трофео Лайгуэлья» бір күндік веложарысы өтті. Онда елордалық «Астана» велокомандасы да сынға түсті.
61-ші мәрте ұйымдастырылған «Трофео Лайгуэлья» Италияның Лигурия аймағындағы Савона провинциясының жолдарында өтті. Велододаға барлығы 25 команда қатысты. Жарыста бірінші орынды Groupama-FDJ командасынан француз Ленни Мартинес иеленді. Decathlon AG2R шабандозы, италиялық Андреа Вендраме мәпеге екінші болып келді. Үздік үштікті «UAE Team Emirates» командасынан Хуан Аюсо түйіндеді.
Соңғы шақырымдарда Ленни Мартинес көшбасшылар тобын артқа тастап, мәреге бірінші болып жетті. Ол үлкен тәуекелге бел буды, жоғары жылдамдықпен қозғалып, құлди жолын шебер жүріп өтті. 19 жастағы Кристен оны қуып жетуге тырысты. Бірақ Капо Меле тауының етегінде ол жылдамдығын төмендетуге мәжбүр болды. Мартинес тауға керемет өрмелеп, қарсыластарынан сәл ғана басымдықпен алға озып, қала көшесінде орналасқан мәре сызығын бірінші болып кесті.
Астаналық шабандоздардан үздік нәтижені жарысты төртінші болып аяқтаған Кристиан Скарони көрсетті. Симоне Веласко – тоғызыншы, Лоренцо Фортунато – 24, Сантьяго Умба 67-нәтиже көрсетті. Өкінішке қарай, Николя Винокуров жарыс жолын аяқтай алмады.
Лайгуэлья — Лайгуэлья. 202 шақырым
1. Ленни Мартинес (Франция, «Groupama-FDJ») — 5:11:10
2. Андреа Вендраме (Италия, «Decathlon AG2R») — +0:29
3. Хуан Аюсо (Испания, «UAE Team Emirates»)
4. Кристиан Скарони (Италия, «Астана»)
9. Симоне Веласко (Италия, «Астана») — +0:57
24. Лоренцо Фортунато (Италия, «Астана») — +1:19
51. Джанмарко Гарофоли (Италия, «Астана») — +4:54
67. Сантьяго Умба (Колумбия, «Астана») — +6:48
72. Глеб Брусенский (Қазақстан, «Астана»).