Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

«Астана» шабандоздары Италияда «Тиррено – Адриатико» көпкүндігінде бақ сынауда

Ұзақтығы 255 шақырымды құрайтын «Тиррено – Адриатико» көпкүндігінің үшінші кезеңінің қорытындысы белгілі болды. Кезеңдегі жеңісті «Bahrain-Victorious» командасынан неміс Фил Баухаус жеңіп алды. «Lidl-Trek» шабандозы италиялық Джонатан Милан 2-орынға ие болса, «Arkéa-B&B Hotels» өкілі француз Кевин Воклин мәре сызығын үшінші болып кесті.

«Астана» сапынан үздік нәтиже көрсеткен Симоне Веласко мәреге 6-болып келді. Джанмарко Гарофоли кезеңді 22-ші, Лоренцо Фортунато 62-ші, Евгений Федоров 68-ші, Кейс Болл 78-ші, Марк Кавендиш 152-ші, Микаэль Морков 169-шы болып аяқтады.

Италия. «Тиррено — Адриатико». 3-кезең

Volterra — Gualdo Tadino. 225 шақырым

  1. Фил Баухаус (Германия, «Bahrain-Victorious») — 5:25:51
    2. Джонатан Милан (Италия, «Lidl-Trek»)
    3. Кевин Воклен (Франция, «Arkéa-B&B Hotels»)
  2. 6.Симоне Веласко (Италия, «Астана»)
    22. Джанмарко Гарофоли (Италия, «Астана»)
    62. Лоренцо Фортунато (Италия, «Астана»)
    68. Евгений Федоров (Қазақстан, «Астана»)
    78. Кейс Бол (Нидерланды, «Астана»)
    152. Марк Кавендиш (Великобритания, «Астана») — +8:38
    169. Микаэль Мёркёв (Дания, «Астана») — +15:05

Жалпы есеп:

  1. Хуан Аюсо (Испания, «UAE Team Emirates») — 10:09:22
    2. Джонатан Милан (Италия, «Lidl-Trek») — +0:06
    3. Кевин Воклен (Франция, «Arkéa-B&B Hotels») — +0:14
  2. 42. Евгений Федоров (Қазақстан, «Астана») — +0:46
    69. Лоренцо Фортунато (Италия, «Астана») — +1:16
    82. Джанмарко Гарофоли (Италия, «Астана») — +1:31
    90. Симоне Веласко (Италия, «Астана») — +1:46
    133. Кейс Бол (Нидерланды, «Астана») — +6:35
    166. Марк Кавендиш (Ұлыбритания, «Астана») — +15:37
    169. Микаэль Мёркёв (Дания, «Астана») — +18:32.

Айта кетейік, «Тиррено-Адриатико» «Екі теңіз жарысы» деп аталатын италиялық Әлемдік Тур веложарысы 4-10 наурыз аралығында өтуде. 59-мәрте ұйымдастырылып жатқан велододада шабандоздар Лидо-ди-Камайордан Сан-Бенедетто-дель-Тронтоға дейінгі 1115 шақырымды жүріп өтеді.

«Екі теңіз жарысын» ұйымдастырушылар қалыптасқан дәстүрлерден биыл да ауытқымаған екен. Жарысты жекелей уақытқа арналған сайыстан бастап, жалпы есепте күресте шиеленістің күшеюіне баса назар аударған. Велододаның 5-ші және 6-шы жарыс күндері жеңімпаз анықталып, Сан-Бенедетто-дель-Тронтодағы спринттік жекпе-жекпен аяқталады.

Өткен жылғы жеңімпаз Примож Роглич, жүлдегер Жоао Альмейда сияқты өз атағын қорғамайды. Бірақ «Екі теңіз жарысының патшасы» болуға дайын жұлдыздар тапшы деп айта алмаймыз. Сонымен, олардың қатарында «Тур де Франстың» екі дүркін жеңімпазы Йонас Вингегаард (Visma Lease a Bike) 2022 жылы осы жарыста 2-ші, «Джиро д’Италия» жеңімпазы Тео Геоган Харт (Лилд-Трек, өткен жылы 3-ші болды), «Джироның» тағы бір жеңімпазы Джей Хиндли (Bora-hansgrohe, 2022 жылы 5-ші орынға ие болды) бар.

Жалпы есепте жеңістен үміткерлер қатарында 2022 жылғы «Испания Вуэльтасының»  жүлдегері Хуан Аюсо (БАӘ командасы), Испанияның үш дүркін жүлдегері Энрик Мас (Movistar), Олимпиада чемпионы Ричард Карапас (EF Education Easy-Post), Дани Мартинес (Bora-hansgrohe) сияқты мықты шабандоздарды көруге болады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz