Италияның Бусто-Арсицио қаласында 2024 жылдың жазында Парижде (Франция) өтетін Олимпиада ойындарына бірінші әлемдік іріктеу турнирі аяқталды.
Жарыс қорытындысы бойынша бокстан Қазақстан құрамасының қоржынында жеті Олимпиада лицензиясы бар. Аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі) пен Карина Ибрагимованың (57 келі) қатарын Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін), Айбек Оралбай (92 келіге дейін) , Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (57 келіге дейін), Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін) және Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) толықтырды.
Осылайша, қазақстандық боксшылар 63,5 келі салмақтағы лицензияға қол жеткізе алмады. Бес салмақта (50, 54, 60, 66 және 75 кг) іріктеуден өте алмаған қыздардың жағдайы біршама нашар.
Дегенмен, боксшыларымызға Олимпиадаға жолдама алу үшін екінші мүмкіндік бар. Өйткені, былғары қолғап шеберлеріне жалпы саны 248, яғни ерлер мен әйелдерге 124 лицензиядан бөлінген. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 41 лицензияға аз. Әрбір Олимпиада комитеті әр бағдарлама бойынша тек бір спортшыны ғана жарысқа қоса алады. Сонымен қатар, іріктеу турнирлерінде Олимпиада ойындарына 139 жолдама ойнатылады.
Боксшыларға 23 мамырда соңғы мүмкіндік беріледі. Таиланд астанасы Бангкок қаласында 2024 жылғы Олимпиадаға екінші әлемдік іріктеу турнирі өтеді. Ол 5 маусымда аяқталады. Онда төртжылдықтың басты додасына қатысушылардың барлығының есімдері белгілі болады.