Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Бублик әлемдік рейтингте жеке рекордын орнатты

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей және жұптық сында әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын ұсынды.

Әлемдік рейтингте екі сатыға көтеріліп, 18-орынға жайғасқан Александр Бублик жеке рекордын жаңартты. Бұған дейін оның ATP рейтингіндегі ең жоғары рейтингі 20-орын болатын.

Александр Шевченко жеті позиция жоғалтып, 58-ші орынға қайта түсті.

Үздік үштік өзгерген жоқ: Новак Джокович (Сербия), Карлос Алькарас (Испания) және Янник Синнер (Италия). Александр Недовесов 45-орыннан 46-ға орынға төмендеді.

Ал жұптық рейтинг жаңа көшбасшыға ие болды. Бұрын екі саты төмен орналасқан америкалық Остин Крайчек жұптық сында әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Үндістандық Рохан Бопанна бірінші орыннан екінші орынға төмендеді, ал үздік үштікті аустралиялық Мэтью Эбден түйіндеді.

Сонымен қатар әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) да жекелей және жұптық сында рейтингтің жаңартылған нұсқасын ұсынды. Елена Рыбакина төртінші орынды сақтап қалды. Еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцева 11 саты көтеріліп, 68-ші орынға жайғасты. Үздік үштік өзгеріссіз қалды: Ига Шентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь) және Кори Гауфф (АҚШ).

Жұптық сайыс бойынша еліміздің бірінші ракеткасы Анна Данилина 44-орында қалды. Бірақ Путинцева үш орын жоғалтып, 360-шы орынға, Рыбакина 24 саты төмендеп, 538-орынға қайта түсті.

Әйелдер арасындағы жұптық сайыстың жаңа көшбасшысы Қытайлық Хсие Су-Вэй. Бельгиялық Элизе Мертенс бірінші орыннан екінші орынға түсті, ал аустралиялық Сторм Хантер үздік үштік қатарына ілікті.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz