Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

«Арлан» финалға бір қадам қалды

«Арлан» Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңінің жартылай финалдық кездесуінде «Сарыарқаны» ұтты.

Кездесу «арландардың» голымен басталды. Александр Шевченко мен Владислав Дюкарев азшылықта қарсы шабуыл ұйымдастырса, соңғысы Данил Кадочниковтың осал тұсын тауып, есеп ашты. Жалпы, қарсыластарына үш рет шабуыл ұйымдастырған «Сарыарқа» алғашқы кезеңде басымдықты қолдан бермеді. Бірақ қонақтар үзіліске көшбасшы ретінде кетті.

Екінші жиырма минуттың басында командалар Егор Буялский мен Тимур Шингареевтің голдарымен алмасты. Матч соңында алаң иелері соңғы шабуылды ұйымдастыруға тырысып, қақпашыны алтыншы алаң ойыншысына ауыстырды. Алайда, Владислав Никулин мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Қарағандылықтардың бос қақпасына дәл соққы бағыттаған Никулин ойындағы қорытынды есепті белгіледі.

«Сарыарқа» — «Арлан» 1:3 (0:1, 1:1, 0:1)

0:1 — 02:36 — Дюкарев (Шевченко)

0:2 — 21:38 — Буяльский (Степаненко, Павленко)

1:2 — 22:16 — Шингареев (Стулов, Лызин)

1:3 — 58:25 — Никулин ПВ

ҚақпашыларКадочников — Кудрявцев

Сериядағы есеп: «Арлан» — «Сарыарқа»: 3-0 (2:0, 6:2, 3:1)

Айта кетейік, жартылай финалдың матчтарында «Арлан» үш мәрте «Сарыарқаны» ұтты. Бұл үлкен жетістіктің басты себепкері Сергей Кудрявцев. Мұз алаңында 120 минут өткізген голкипер, бірінші кездесуде 25 соққы қайтарды. Жалпы, екі матчта Кудрявцев 96,36% шайба қайтару пайыздық құрамды көрсетіп, сенімділік коэффициенті 1-ге дейін ойнап шықты. Нәтижесінде Кудрявцев Pro Hokei Ligasy чемпионаттының 28-ші аптасының үздік ойыншысы атанды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz