Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Боксшыларымыз Литвада топ жарды

Литваның Каунас қаласында бокстан Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнир мәресіне жетті.  Қазақстандық боксшылар жалпы есепте 1-орынға ие болды. 

80 келі салмақ дәрежесінің финалында ағылшын боксшысы Рамтин Мусамен кездескен Тұрсынбай Құлахмет төрешілердің екіге бөлінген шешімімен жеңіске жетті. Ал 67 келі салмақ дәрежесіндегі Елнұр Сүйінбай қарсыласын жеңіп қана қойған жоқ, көрерменге шоу көрсетті. Алғашқы екі раундта ұпайын түгендеп, қарсыласының бетін қан-жоса қылған жерлесіміз үшінші раундта екінші нөмірде жұдырықтасып, польшалық Кирилл Глобенконы өзіне шақырумен болды. Бірақ Глобенконың соққыларын өткізген жоқ, қорғаныста сауатты қимылдап, шабуылда әр ширақтық танытқан Елнұр ел намысын абыроймен қорғап, турнир жеңімпазы атанды.

63,5 келі салмақ дәрежесіндегі Жандос Қыдырәлиевтің жеңімпаз атанғаны белгілі болды. Финалда ирландиялық Паул Хэйл Джонмен жұдырықтасуы қажет болатын. Алайда қарсыласы жекпе-жектен бас тартты. Осылайша Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті.

71 келі салмақ дәрежесіндегі Фарух Тоқтасынов Литвадағы халықаралық турнирді бір демде, өте жоғары қарқында өткізді. Финалда да қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ.

75 келі салмақ дәрежесіндегі Азамат Бектас польшалық Михал Ярлинскидің әлсіз тұсын тауып, алтын медаль иеленді.

60 келідегі Алмат Әбдуәли Литваның Каунас қаласындағы халықаралық турнирде күмісті қанағат қылуға мәжбүр болды. Латвиялық Матвейс Прокудинске қарсы жекпе-жекті тәп-тәуір бастаған. Шаршы алаң ортасын иеленіп, айқасты өз бақылауында ұстап тұрған. Алайда төреші күтпеген жерден жерлесімізге нокдаун ашып жіберді де, әрі қарай Алмат сол нокдаунның әсерінен айыға алмады. Финал төрешілер шешімімен латвиялықтың жеңісімен аяқталды.

57 келі салмақ дәрежесінің финалында украиналық Денис Роздольскимен кездескен жерлесіміз, қарсыласын еш қиындықсыз жеңді. Зәкір Сафиуллиннің шәкірті құлаштап сериялық соққылар жасауды жақсы меңгерген екен. Апперкоттары да керемет өтіп жатты. Нәтижесінде қарсыласын екі рет нокдаунға жіберген Асылжан айқын жеңіске қол жеткізді.

Турнирдің финалында украиналық Иван Завадскиймен жұдырықтасқан Нұрсұлтан Алтынбек қарсыласына жол беріп, күмісті қанағат тұтты. Екінші нөмірде жұдырықтасқан жерлесіміз төрешілер шешімімен жеңілді.

86 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз Абзал Құттыбеков финалда ағылшын боксшысы Исаак Охомен жұдырықтасқан. Бірінші раундтан-ақ шаршы алаңда өз мықтылығын көрсетіп, қарсыласы қанша ұзын болса да, қарымта соққыларымен алдап ұруға тырысқанымен төрешілер бұл жолы жеңісті Англия боксшысына берді.

Қазақстан құрамасы Каунасқа 11 боксшымен барған. Бәрі де елге жүлделі оралды. Тоғыз боксшы финалда өнер көрсетіп, оның алтауы алтынға қол жеткізді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz