Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Балауса Муздиман: «Әділ төрелік болады деп үміттенемін»

Парижде өтетін Олимпиада жолдамасына үміткер қазақ боксшысы Балауса Муздиман SPORT+ арнасына берген сұхбатында осындай мүмкіндік пайда болғаннан кейінгі өз пікірімен бөлісті. Ол қазіргі таңда кәсіпқой рингте сәтті өнер көрсетуде. Балауса бес жекпе-жек өткізіп,  бесеуінде де жеңіске жетті.

«Баршаңыз білетіндей, Олимпиада менің бала кезімнен арманым болды. Көп жұмыс жасадым және жаттықтым. Бірақ, өкінішке қарай барлық жекпе-жектерде жеңіске жете алмадым. Мен бұл жолда көптен бері еңбек етіп келемін және соған лайықпын. Өйткені 2023 жылы Қарағандыда өткен Спартакиадада Жарылғапов атындағы турнирде мен командада үшінші орын алдым және бұл іріктеуге қатысуға толық құқығым бар», — дейді Муздиман.

Спортшының айтуынша, ол тек жеңіске жетуге бекініп отыр.

«Жеңіске жетуге толықтай бел байладым. Бокс бәсекелестік өте жоғары спорт түрі. Сондықтан кімнің мықты екенін көрсету үшін 100% барымды саламын. Әділ төрелік болады деп үміттенемін», — деп қоса кетті бұрымды боксшымыз.

Балауса спаррингтік турнирге шақырылғаннан кейінгі алғашқы әсері туралы да айтып берді.

«Шынымды айтсам, бұл эмоцияларды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осы шақыруды алған сәтте мен қатты толқыдым және қасиетті Рамазан айында жаттықтырушымен бірге жасаған қажырлы еңбегім жемісін береді деп сенемін», — дейді спортшы қыз.

29 наурыз күні 2024 жылдың 8 сәуірі мен 10 сәуірі аралығында бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының жаттықтырушылар штабы төрт салмақ дәрежесі бойынша жабық шағын іріктеу турнирін өткізетіні белгілі болды. Оның қорытындысы бойынша Париждегі Олимпиадаға соңғы жолдамалар сарапталатын Таиландтағы бокстан соңғы лицензиялық турнирге қатысатын құрам таратылады.

Астанада өтетін турнирде 54 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Балауса Муздиманмен қатар Әнел Сақыш, Жайна Шекербекова, Ангелина Лукас, Элина Базарова, Ұлжан Сәрсенбек және Сымбат Әлиасқар да лицензиялық турнирге жолдама алу үшін күреседі.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz