Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футзал

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізеді

7 және 9 сәуір күндері футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екі жолдастық кездесу өткізеді. Жоспар бойынша ойындар Ташкентте (Өзбекстан) өтуі керек еді. Алайда Өзбекстан футбол қауымдастығының 2024 жылғы әлем чемпионатының дайындығына байланысты өтініші бойынша қос кездесу Тараз қаласындағы «Тараз Арена» спорт кешеніне ауыстырылды.

Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 1 сәуірде Таразда басталады. 4 сәуір күні Қазақстан құрамасы Қырғызстанмен бақылау ойынын өткізеді. Тараптардың өзара келісімі бойынша ойын жабық өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы 2024 жылы Өзбекстанда өтетін футзалдан әлем чемпионатына мерзімінен бұрын жолдама алған болатын. 2021 жылы Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары Астанада екі жолдастық кездесу өткізді. Бірінші ойын 3:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталса, екінші ойында 6:4 есебімен қонақтар жеңіске жетті.

Қазақстан еуропалық іріктеуден элиталық раундтағы алты кездесуде де жеңіске жеткен жалғыз команда атанды. Кака шәкірттері Нидерланды (2:0, 2:0), Әзербайжан (4:2, 3:2) және Румынияны (4:3, 2:0) екі рет ұтып, 18 ұпаймен А тобында бірінші орынға шықты. Әлем чемпионатының финалдық турнирі 2024 жылдың 14 қыркүйегі мен 6 қазаны аралығында Өзбекстанда өтеді.

Футзалдан Қазақстан құрамасы алдағы жолдастық кездесулерге қатысатын футболшылар тізімін жариялады. Өкінішке қарай құраманың көшбасшы шабуылшылары Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов және Дуглас жарақатына байланысты алда өтетін матчтарға қатыса алмайды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz