Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Түркияда жаңа маусымнан бастап шетелдік ойыншыларға қатысты ережелер қалай өзгереді?

2024/25 маусымынан бастап Түркия суперлигасында шетелдік ойыншыларға шектеуге қатысты жаңа өзгерістер енгізіледі. Жаңартылған стандарттарға сәйкес, бұл қазақ футболшыларына тікелей әсер етеді.

Ағымдағы 2023/24 маусымы басталар алдында Суперлига клубтары Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркменстан футболшыларын жергілікті ойыншы ретінде қабылдай алатыны белгілі болды. Яғни, осы түркі елдерінің футболшылары Суперлигада шетелдік ойыншылар қатарына жатпайды. Қазір Түркияның әрбір жоғарғы дивизион клубында 14-ке дейін шетелдік ойыншы болуы мүмкін. Дегенмен қазақстандық футболшылар легионер болып саналмайды.

«Бешикташ» пен «Адана Демирспор» бұл мүмкіндікті пайдалана білді. «Бешикташ» өткен жазда Бахтиёр Зайнутдиновты, «Адана Демирспор» шабуылшы Абат Айымбетовты қыста қатарға қосты.

Жаңа маусымнан бастап күшіне енетін өзгерістер туралы айтар болсақ, маусымға өтінімдегі шетелдік ойыншылардың саны 14-тен 12-ге дейін қысқарады. Бұл 2024/25 маусымынан 2026/27 маусымының соңына дейін болады. Ал 2027/28 маусымынан бастап олардың саны 11 шетелдіктен аспауы тиіс.

Ал түркі елдерінің өкілдеріне келсек, көп нәрсе өзгереді. Олардың басқа легионерлермен салыстырғандағы артықшылығы бір маусым ғана легионер есебінде болмады.  Осы жаздан бастап аталмыш бес елдің түрік клубтарына жаңадан келген барлық ойыншылары, соның ішінде қазақстандық футболшылар шетелдік ретінде қарастырылады. Олардың құқықтары мысалы, Еуропадан немесе Африкадан келген футболшылармен бірдей болады.

Енді қазақ футболшыларының түрік клубтарына ауысу мүмкіндігі азаяды. Суперлиганың деңгейі ҚПЛ-дан жоғары. Ал жергілікті клубтардың назарын аудару үшін ойыншы қазақстандық футболшылар арасында айқын көзге түсіп, бәсекеге дайын болуы керек.

Бірақ, Зайнутдинов пен Айымбетов қазіргі таңда легионер емес және бұл позицияларын сақтай алады. Өйткені, олардың келісім-шарттары жаңа ережелер енгізілгенге дейін жасалған. Бірақ, егер біраз уақыттан кейін «Бешикташ» пен «Адана Демирспор» олармен қайтадан келісімшартқа отырса, мысалы, жалақыларын көбейтуді қаласа, онда бұл келісімшарттар жаңа заңдарға сәйкес келуі керек және олар шетелдік ойыншыларға айналады. Басқа түрік клубына ауысса да солай болады.

Енді қазақстандық футболшылардың Түркияның жоғарғы дивизионындағы клубтарына ауысуы мүмкін бе, жоқ па оны нақты айта алмаймыз. Дегенмен, Түркияға ауысқан жағдайда енді қазақстандық футболшылар да шетелдік болып саналады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz