Қазақстандық теннисші Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге Эшторилдегі (Португалия) турнирде жұптық сайыста жеңіске жетті. Финалда Недовесов пен Эскобар француз Фабьен Ребул мен Садио Думбиямен кездесіп, оларды екі сетте ұтты – 7:5, 6:2.
Турнирде жеңіске жеткені үшін қазақстандық теннисші мен оның серіктесі 30 610 еуро сыйақымен қатар 250 рейтингтік ұпайға ие болды. Бұған дейін турнирде Недовесов пен Эскобар да Педро Качин (Аргентина) / Педро Мартинес (Испания) жұптарын — 6:3, 6:2, Влад Виктор Корнеа (Румыния) / Петр Ноуза (Чехия) — 7:6, 7:6 және Сандер Гил (Бельгия) / Горан Влиген (Бельгия) — 6:2, 6:4 есебімен жеңген болатын.
Айта кетейік, Александр Недовесов қазіргі уақытта жұптық сында Қазақстанның үздік теннисшісі және ATP рейтингінде 44-ші орында. Эшторильдегі табысының арқасында ол ертең, 8 сәуірде жұптық сайыста жаңартылған ATP әлемдік рейтингінде рекордтық 39-орынға көтеріледі. Осылайша Недовесов 2024 жылғы Олимпиадаға лицензия алу үшін барын салуда. Парижде ерлер мен әйелдер санатында 32 жұп өнер көрсетеді. Недовесов Қазақстанға теннистен тағы бір лицензия әкеле ала ма, жоқ па, оны 10 маусымда білетін боламыз.