Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Қазақстан құрамасы Жапониямен кездесуге дайындықты бастады

Токиода Жапония мен Қазақстан құрамалары арасындағы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу матчына дайындық басталды.

Бұл әйелдер құрамалары арасындағы алтыншы кездесу болмақ. Кездесулер статистикасы бойынша Жапония 4-1 есебімен көш бастап тұр. Біздің команда тек 2017 жылы Астанада жеңіске жетті.

Токиода өтетін алдағы кездесулерге Елена Рыбакина қатыса алмайтындықтан көшбасшы рөлін тәжірибелі Юлия Путинцева алады. Бұл оның жапондарға қарсы төртінші ойыны болмақ. 10 жыл бұрын Қазақстан құрамасы сапында дебют жасаған Путинцева ұлттық құрама сапында жекелей сында ең көп жеңіске жеткен рекордшы. Юлияның еншісінде 18 жеңіс бар. Ол бұл көрсеткіш бойынша Ярослава Шведова мен Зарина Диясты басып озды (екеуіде де 14 жеңіс).

«Мен бірінші, екінші, үшінші нөмірлі болуға әрқашан дайынмын. Бастысы командаға жеңіс әкелу. Бізде сәтті өнер көрсетуге тамаша мүмкіндік бар. Тек сол мүмкіндіктерді пайдалану керек. Наомимен бірнеше рет ойнадым және оған қалай қарсы әрекет ету керектігін білемін. Бапкеріммен бірге оның биылғы соңғы матчтарда көрсеткен ойынын әрі қарай талдаймын», — деді Юлия Путинцева.

Естеріңізге сала кетейік, матчтар Қазақстан уақыты бойынша 12 сәуір (жұма) күні сағат 10:00-де, ал 13 сәуірде (сенбі) сағат 9:00-де басталады. Ойынның бірінші күні жекелей екі матч болады. Келесі күні екі жекелей және бір жұптық кездесу жоспарланған. Бұл текетірестің жеңімпазы командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz