Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) есімі Халықаралық бокс Даңқ залына (IBHOF) алтын әріптермен жазылуы мүмкін. Мұндай пікірді инсайдер әрі агент Рик Глейзер білдірді.
Сондай-ақ Головкиннің өзі бокстан кететінін ресми түрде жарияламаса да, Глейзер GGG мансабын аяқтады деп есептейді.
«Головкин міндетті түрде Халықаралық бокс Даңқ залына енгізіледі. Ол енді кәсіпқой деңгейде жұдырықтаспайды. Қазақстандық кәсіпқой бокстағы тамаша мансабымен мақтана алады», — деді Глейзер.
42 жастағы Головкин соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде өткізіп, трилогиялық жекпе-жекте мексикалық Сауль Канело Альварестен жеңіліп қалды. Көп ұзамай GGG WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпиондық титулдарын босатты. Ал ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Головкин Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетін (ҰОК) басқаруда.
Айта кетейік, Даңқ залы (IBHOF) спортқа елеулі үлес қосқандарды құрметтеу үшін құрылған мұражай. Ол Нью-Йорк қаласының іргесіндегі Канастоте елді мекенінде орналасқан. Мұражай 1990 жылы Канастота қаласында дүниеге келген бокстан әлем чемпиондары Кармен Базилио мен Билли Бакустың құрметіне ашылған. Боксшыларды BWAA мүшелері мен бокс тарихшылары таңдайды. Даңқ залына таңдаулы былғары қолғап шеберлерінің есімдері жыл сайын маусым айында, мансабын аяқтағаннан кейін 3 жылдан соң (2018 жылға дейін күту мерзімі 5 жыл болатын) жазылады.