17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Волгоград қаласында өтетін УЕФА Даму Кубогы жарысында бақ сынайды.
Қазақстан U17 құрамасы Талғар қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп, артынша УЕФА Даму Кубогы өтетін Волгоград қаласына аттанады. Біздің команда Ресей, Гана және Сербиядан келген қатарластарымен ойнайды. Осы орайда аға жаттықтырушы Бауыржан Сағындық Талғарда өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады:
Қақпашылар: Матвей Терентьев («Шахтер»), Никита Килджиев («Ақтөбе»), Артем Сентябов («Шахтер») Махмұджан Сұңғатуллин («Жас-Қыран»);
Қорғаушылар: Наиль Исмаилов («Сұлтан»), Әли Әскербеков, Әлихан Жексенбек (екеуі де – «Астана»), Сұлтанбейбарыс Әбдуғаппар («Ордабасы»), Сұлтан Әбдіманап, Ерасыл Сансызбай (екеуі де – «Жас-Қыран»);
Жартылай қорғаушылар: Арафат Молдағалиев («Жетісу»), Руслан Уәлиханов, Даниял Назаров («Астана»), Нұрхан Қағазбаев («Шахтер»), Еркебұлан Науханбай («Тараз»), Мирас Қуат («Шахтер»), Нұрмүбәрак Жақсылықов («Тобыл»), Аламгир Смаков (клубсыз), Шәріпжан Шәріпхан («Сұлтан»), Мансұр Багиман («Жас-Қыран»), Дінмұхамед Махмұдов, Әлихан Әли (екеуі де – «Оңтүстiк»);
Шабуылшылар: Ербол Құрманахан («Жетісу»), Абулмансұр Қасымтай («Ақсу»), Ади Жүсіпбеков («Сұлтан»), Абулмансұр Хасан («Атырау»);
Жарыс 24-28 сәуір күндері өтеді деп жоспарланған. Атап айтқанда, 24 cәуір Қазақстан құрамасы Сербиямен, 26-сәуір Ресеймен, 28-сәуір Ганамен кездеседі.