Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Madrid Open. Елена Рыбакинаның алғашқы қарсыласы анықталды

Қазақстандық теннисшілер — Юлия Путинцева мен Александр Шевченко Мадридтегі турнирді жеңіспен бастап, екінші айналымға жолдама алды. Ал Елена Рыбакина мен Александр Бублик әлемдік рейтингте көшбасшылар қатарында болғандықтан, жарысты бірден екінші кезеңнен бастайтын болды.

Мадридте (Испания) өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі Елена Рыбакинаның алғашқы қарсыласы анықталды. Екінші айналымда Рыбакина италиялық Лучия Бронцеттимен өзара мықтыны анықтайтын болады. Бронцетти бірінші айналымда Франция өкілі Варвара Грачевамен ойнап, екі сеттен кейін 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу бір сағат он минутқа созылды. 1/32 финал аясында Рыбакина мен Бронцетти арасындағы матч 26 сәуірде өтеді деп жоспарланған.

Бұған дейін Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева сенсациялық түрде жарыстың екінші кезеңіне өткен болатын.  Теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 37-ракеткасы, қытайлық Юань Юэмен сәтті өткізді. Бірінші партияда Юлия екі брейкпен қарсыласының қадамын аштырмады – 6:2. Есесіне екінші сетте қытайлық теннисші 3:0 есебімен алға кетті. Бірақ Путинцева дер кезінде жинала білді – 6:4. Бір сағат 27 минутқа созылған бәсеке барысында ол 7 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ. Юань Юэ 1 эйс, 1 брейкпен (9 брейк-пойнт) шектелді. Путинцеваның екінші айналымдағы қарсыласы бұдан да азулы болмақ. Ол әлемнің 8-ракеткасы, тағы бір қытайлық Чжэн Циньвэньмен сынға түседі.

Сонымен қатар Қазақстанның ерлер арасында екінші ракеткасы Александр Шевченко да Мадридте (Испания) өтіп жатқан ATP 1000 сериясы  Mutua Madrid Open турнирін жеңіспен бастады. Бірінші айналымдағы кездесуде Артур Риндеркнешмен кездесіп, 6:4, 5:7, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Текетірес екі сағат 17 минутқа созылды. Келесі айналымда Шевченко әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, испаниялық Карлос Алькараспен сынға түседі.

Айта кетейік, Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик Мадридтегі турнирді екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы Доминик Кепфер (Германия) — Роберто Карбальес-Буэна жұбының жеңімпазы болмақ.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz