Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Мадридте өтіп жатқан (Испания) WTA 1000 Mutua Madrid Open турнирінің төртінші айналымына шықты.
Үшінші кезеңде ол мысырлық Майар Шерифті (№72) 6:1, 6:4 есебімен ұтып, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Ойын 1,5 сағатқа жуық уақытқа созылды. Қазақстандық теннисші келесі ойынын 1/16 финалдағы тағы бір матчта америкалық Эшлин Крюгерден басым түскен чехиялық Сара Бейлекке қарсы өткізеді — 6:3, 6 :1.
Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Мадридте өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты. Үшінші айналымда ол америкалық Кэролайн Доулахайдты 1 сағат 6 минутта 6:2, 6:2 есебімен ұтты. Ширек финалға шығу үшін Юлия Дарья Касаткина мен Анастасия Павлюченкова арасындағы ресейлік дербидің жеңімпазымен ойнайды.
Юлия Путинцева мен Елена Рыбакина Мадридтегі турнирдің төртінші айналымына шығып қана қоймай, мансабында жаңа жетістіктерге қол жеткізді. Путинцева биылғы жылы WTA 1000 сериясы турнирлерінде өзінің оныншы жеңісіне қол жеткізді — бұл оның мансабындағы ең үздік нәтижесі.
Елена Рыбакина қатарынан 14-ші жеңісіне қол жеткізді. Соңғы он жылда мұндай жетістікке тек үш теннисші ғана Серена Уильямс, Симона Халеп және Ига Швентек қана қол жеткізді.
Айта кетейік, 2024 жылғы маусымдағы топырақ төсенішті кортта өтіп жатқан бірінші WTA 1000 теннис турнирі Мадридте 23 сәуір мен 4 мамыр аралығында өтуде. Оған Топ-10 теннисшінің тоғызы қатысуда. Испания астанасындағы жарысқа Джессика Пегула келмеді. Турнирде Штутгарт чемпионы Елена Рыбакинамен қатар Ига Швентек, Арина Соболенко, Кори Гауфф бастаған көшбасшылар өнер көрсетуде.