Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атануы мүмкін

Елена Рыбакина Мадридтегі турнирде жеңіске жеткен жағдайда, әлемдік рейтингте үздік үштікті түйіндейді.

Бүгін, 2 мамырда қазақстандық Елена Рыбакина Мадридте (Испания) теннистен ірі WTA 1000 турнирі — Mutua Madrid Open турнирінің жартылай финалында өнер көрсетеді. Оның қарсыласы әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенко болмақ.

Бұл 24 жастағы Рыбакина мен 25 жастағы Соболенко арасындағы тоғызыншы бетпе-бет кездесу болмақ. Әзірге Беларусь өкілі жеке кездесулерде басымдық танытып отыр – 5:3. Дегенмен, соңғы төрт ойынның үшеуінде Елена жеңіске жетті. Оның ішінде биылғы жылы Брисбендегі (Аустралия) турнирде финалда қазақстандық ойыншы қарсыласына үш геймде ғана ұтылды — 6:0, 6:3.

Бір қызығы, бұл олардың топырақ төсенішті кортта өтіп жатқан турнирдегі алғашқы кездесуі болмақ. Арина — Мадридтегі турнирдің қазіргі чемпионы. Ол мұнда 2021 және 2023 жылдары жеңіске жетті. Рыбакинаға келер болсақ, ол Испания астанасында өзінің ең жақсы кезеңін өткізіп жатыр. Бұрын ол мұнда үшінші айналымнан әрі аса алмаған.

Арина осы турнирде кортта сегіз сағат 29 минут өткізді. Бұл Рыбакинадан бір жарым сағаттан астам уақытқа көп. Сондықтан Соболенконың шаршағаны анық. Бірақ, бір кемшілігі де бар. Кеше Рыбакина кортта Путинцевамен 2 сағат 50 минут ойнаса, Соболенко Андрееваны жеңу үшін бар болғаны бір сағат 20 минут жұмсады.

Биылғы маусымда Рыбакинаның еншісінде 30 жеңіс және төрт жеңіліс бар. Ол Брисбенде (Аустралия), Дубайда (БАӘ) және Штутгартта (Германия) үш WTA 500 жүлдесін жеңіп алды. Оған қоса Дохада (Катар) және Майамиде (АҚШ) өткен WTA 1000 турнирінің финалында өнер көрсетті.

Бұл текетірес тек Рыбакина мен Соболенконың тағы да бетпе-бет кездесуі ғана емес, бұл жерде рейтингтік тұрғыдан алғанда біраз сенсациялар орын алуы мүмкін. Өйткені, жарыс қорытындысы бойынша Елена әлемдік рейтингтегі бүгінгі қарсыласынан озып кете алады. Ол үшін қазақстандық теннисші турнирде жеңіске жетуі керек. Бұл жағдайда Рыбакина келесі дүйсенбіден бастап әлемнің үшінші ракеткасы атанса, Соболенко бірден екі саты төмендеп, төртінші орынға ығысады.

Мұндай жағдайда өз мансабында алғаш рет осы турнирдің 1/8 финалында жеңілген америкалық Коко Гауфф екінші орынға көтеріледі. Сондай-ақ Коко мен Елена арасындағы айырмашылық 30 ұпай ғана болады. Осылайша Рыбакина рейтингте алғаш рет екінші орынға бір қадам жақындайды.

Рыбакина мен Соболенко арасындағы кездесу бүгін, 2 мамырдан 3 мамырға қараған түні шамамен 00:30-да басталады. Бұл матч спорт кешенінің басты аренасы – Маноло Сантана кортында ұйымдастырылады. Олар Даниил Медведев пен Иржи Лехечка арасындағы кездесу аяқталған соң бірден кортқа шығады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz