Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

Чехияда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты өтуде

Турнир 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтуде.

Қазақстан құрамасы қатысып жатқан хоккейден әлем чемпионатында «В» тобындағы алғашқы ойын Германия мен Словакия арасындағы кездесу 6:3 есебімен германиялықтардың пайдасына аяқталды. Жеңімпаз команда сапынан Леонард Пфедерль, Паркер Туоми, Лукас Кельбле, Ясин Эхлиз, Йонас Мюллер и Тобиас Эдер гол соқты. Ал словакиялықтардан Юрай Слафковски, Мартин Поспишил және Марек Гривик қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Бұл топта қазақстандықтар плей-офф кезеңіне шығу үшін Франция, Германия, АҚШ, Латвия, Польша және Словакия командаларымен сынға түседі.

Ал екінші матчта Швеция АҚШ құрамасын ұтты. Кездесу 5:2 есебімен аяқталды.

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатын қабылдап жатқан Чехия құрамасы «А» тобындағы алғашқы матчта Финляндиядан басым түсті. Прагада өткен кездесудің негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталды. Овертаймда да командалар мықтыны анықтай алмай, чехиялық хоккейшілер матчтан кейінгі буллиттерді тамаша орындап, Онджей Каше мен Роман Червенка өз мүмкіндіктерін мүлт жібермеді — 2:0.

Сондай-ақ А тобында Швейцария, Норвегия, Канада, Дания, Аустрия және Ұлыбритания командалары бар.

Бүгін, 11 мамырда хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін Францияға қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 15:20-да басталады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz