Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Жекпе-жек

Олимпиадада алтын алмаймыз

Түркияның Стамбул қаласында күрестен соңғы лицензиялық турнир аяқталып, 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына лицензиялар сарапқа салынды. Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы бұл турнирде жолдама ала алмады және Парижде толық құраммен өнер көрсетпейді. Оның үстіне тарихта алғаш рет әйелдер күресінен бірде-бір өкіл болмайды.

Жасыратыны жоқ, Қазақстанда күрес көптен бері дағдарысқа ұшырады. Салыстырмалы түрде айтсақ, көрші Қырғызстанда бұл спорт түрі керемет дамып келеді. Мұның бәрі Ақжол Махмудов пен Айпери Медет қызының халықаралық жетістіктерінің арқасында.

Қазақстанда Ризабек Айтмұханның Сербияда өткен әлем чемпионатындағы тарихи табысынан кейін азғантай серпілу байқалса да, айтарлықтай өзгеріс жоқ. Айтпақшы, онда Қырғызстан құрамасы бес медаль (үш алтын, бір күміс және бір қола) жеңіп алып, жалпы командалық үшінші орынды иеленді.

Ризабек Олимпиадаға бармайды, себебі ол 97 келі салмақ дәрежесіндегі бәсекені тәжірибиелі Әлішер Ерғали жеңіліп қалған. Еркін күрес палуандары арасында Париж-2024 додасына Азамат Дәулетбеков (86 келі), Жүсіп Батырмырзаев (125 келі) секілді сайыпқырандар барады.

Мадияр Құрамысовтың шәкірттері үш салмақ дәрежесі бойынша лицензия ала алмады. Мысалы 57, 65, және 74 келі салмақ дәрежесіндегі Олимпиада рұқсатнамасы қолға түспеді. Ал қыздар жағында бұл мәселе тіпті нашар. Барлық 6 салмақ дәрежесінде біздің қыздар іріктеу жарыстарын құртып алды. Тек Жәмилия Бақбергенова ғана жолдамаға жақын болды. Алайда, Бішкекте өткен іріктеу сайысында отандасымызға сәл ғана сәттілік жетіспеді.

Грек-рим күресі бойынша жолдамалар жағы әлдеқайда жақсы. Айдос Сұлтанғали (60 келі), Демеу Жадыраев (77 келі), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі), және Әлімхан Сыздықов (130 келі) Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

Десе де Олимпиада ойындарында алтын медаль аламыз деп үміттенбесек те болатындай. Күміс немесе қола жүлде қоржынымызға түсіп жатса, соған да шүкіршілік ететін секілдіміз. Қыздар құрамасының бас бапкері Қайрат Сағадиев Стамбұлдағы сәтсіздіктен кейін жарқын болашақта медаль алады-ау деген жастардың да жоқ екенін тілге тиек етті. Соның салдарынан шығар, Түркиядағы додаға ел намысын қорғауға 38 жастағы Елена Шалыгина барды.

Соңғы кездері талантты спортшылардың күресіп жүріп, кейіннен ақша қуып ММА секілді жертөледегі тайталастарға кетіп қалып жатқаны көңілді жабырқатады. Осыдан кейін елімізде кезінде дүркіреген күрес түрлері қатты ақсап жатыр. Бұл мәселеге кім нүкте қояды немесе кім көмек қолын созады, әзірге белгісіз.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz