Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Рим 2024. Әлемдік рейтингтің көшбасшылары финалда кездеседі

Италияда өтіп жатқан ірі WTA 1000 турнирінің қатарынан екінші финалы әлемдік рейтингтің көшбасшылары – польшалық Ига Швентек (№1) пен белорусь Арина Соболенко (№2) арасында өтеді.

Маусымдағы басты турнирлердің бірі  Ролан Гаррос қарсаңында Швентек пен Соболенко рейтингтегі көшбасшылықтарын одан әрі нығайтуда. Екеуі де тамаша формада. Ал Римдегі (Италия) жарысқа қатысудан бас тартып, титулын қорғай алмағаны үшін 1000 рейтингтік ұпайынан айырылған Рыбакина чемпиондар айқасын сырттай бақылап, Парижге дайындалады.

Швентек үшін бұл жаңа маусымдағы төртінші, ал Соболенко үшін үшінші финал. Осы бес жарым айдағы шешуші матчтардың саны бойынша екеуінің көрсеткіші де Рыбакинадан (5) аз. Бірақ Ига мен Арина нәтижелі өнер көрсетуде. Мысалы, Швентек бұған дейінгі WTA 1000 жарыстарында үш финалда да жеңіске жеткен (Доха, Индиан-Уэллс, Мадрид).

Рыбакина үш жеңіске жетті — барлығы WTA 500 (Брисбен, Абу-Даби, Штутгарт), сондай-ақ екі WTA 1000 финалында — Дохада (Катар) Швентекке және Майамиде (АҚШ) Дэниел Коллинзге есе жіберді.

Жалпы көрсеткіштер бойынша Елена Аринадан да мықты. Ол жиі жеңіске жетті. Бірақ Игамен бәсекелесу әлі де өте қиын. Польшалық теннисші тұрақты өнер көрсетеді. Ол мүлде шаршамайтын сияқты және апта сайын ойнауға дайын. Ал Рыбакина денсаулығына және жарақатына байланысты титулдарын қорғай алмай, жыл басынан бері жалпы саны 2000 ұпай жоғалтып, Индиан-Уэллс пен Рим сияқты маңызды турнирлерді жіберіп алды. Швентек пен Соболенко күнтізбелерін тиімдірек жоспарлап, жақсы қалпына келгенін байқауға болады.

Енді Рыбакина үшін ең бастысы Швентек пен Соболенко арасындағы қатарынан екі финалдық кездесу қосымша мотивация береді. Ол Ролан Гарросқа бабында баруы керек.

Естеріңізге сала кетейік, Ролан Гаррос Парижде 26 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді. Турнирдің қазіргі чемпионы — Швентек.

Римдегі жарыстың финалына келер болсақ, Швентек пен Соболенко арасындағы ойын 18 мамыр, сенбі күні 20:00-де басталады. Жеке кездесулерде Польша өкілі алда келеді – 7:3.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz