Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Анна Данилина Пармада өткен турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлерде тамаша нәтиже көрсетуде.

Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге Пармада (Италия) өткен WTA 125 турнирінде жұптық сайыста жеңіске жетті. Финалда Данилина мен Хромачева Ингрид Гамарра Мартинс (Бразилия)/Эликсан Лешемия (Франция) дуэтін 6:1, 6:2 есебімен ұтты.

Кездесу 1 сағат 6 минутқа созылды. Анна мен Ирина 1 қателік жіберіп, 1 эйс жасады. Бұл Данилинаның жұптық турнирлердегі алтыншы жүлдесі. Ол бұған дейін Сидней (WTA 500), Окленд (WTA 250), Гамбург (WTA 250), Варшава (WTA 250) және Гданьск (WTA 250) қалаларында өткен жарыстарда жеңіске жеткен болатын.

Тағы бір отандасымыз Юлия Путинцева (No41) Страсбургте (Франция) WTA 250 турниріне іріктеудің соңғы кезеңінде жеңіске жетті. Еліміздің екінші ракеткасының қарсыласы америкалық Эшлин Крюгер болды. Матч өте тартысты өтіп, үш сетке ұласты. Путинцева бір сағат 32 минутта 6:1, 0:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бұл 29 жастағы Путинцева мен 20 жастағы Крюгер арасындағы екінші кездесу болды. Жекек кездесулер қотырындысы бойынша қазақстандық теннисші сенімді түрде алға шықты – 2:0. Енді Юлия турнирдің негізгі кезеңіне өтті.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz