Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Қайрат» «Елімаймен» тең тарқасты, «Тобыл» аутсайдер командадан жеңілді

Қазақстан чемпионатының 9-турының матчында «Елімай» өз алаңында «Қайратты» қабылдады. Семейдегі стадионның трибунасы лық толы болып, «Елімай» жеңіске жетуге және ҚПЛ турнирлік кестесінде көш бастауды көздеді.

Бас бапкердің міндетін атқарушы Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын «Қайраттың» да көңіл-күйі жақсы болды. Өйткені жаңа бапкер көмегімен алматылықтар чемпионаттағы соңғы екі матчта жеңіске жетті. Есеп екінші таймда ашылды. 55-минутта бразилиялық Жоао Пауло «Қайратты» алға шығарды. Бұл Жоао Паулоның осы маусымдағы үшінші голы.

Дегенмен, «Елімай» соңғы минуттарда таразы басын теңестіріп кетті. 95-минутта Юрий Перцухтың қақпаға алыстан бағыттаған керемет соққысы қорытынды есепті орнатты – 1:1. Осылайша, Семейдегі матчтан кейін алматылық клубтың еншісінде 15 ұпай болса, «Елімай» мен «Ақтөбеде» де сонша ұпай бар.

Сондай-ақ Қазақстан чемпионатының тоғызыншы турындағы ойында «Жетісу» өз алаңында Петропавлдың «Қызыл-Жар» командасын қабылдады. Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері биылғы маусымдағы турнирдің басты сенсациясына айналып, көшбасшылар қатарында келеді. Алайда бірінші таймда бірқатар сәтсіз нәтижелерден кейін қызылжарлықтар ерекше ынта танытып, бірнеше гол соғатын мүмкіндіктерге ие болды. Бірақ, есеп ашылмады.

Екінші таймда ойын шиеленісе түсті. Ойынның соңғы кезеңінде «Қызыл-Жардың» жеңіске жетуге тамаша мүмкіндігі болды. 75-минутта «Жетісу» сапынан Виктор Брага алаңнан қуылса, 83-минутта тағы бір талдықорғандық жартылай қорғаушы Цотне Мосиашвили қызыл қағаз алды. Сонымен қатар, төреші «Жетісу» қақпасына пенальти белгіледі. Алайда «Қызыл-Жар» командасының көшбасшысы Евгений Березкин допты қақпадан биікке асырып, айып добын сәтті орындай алмады. Осылайша жетісулық команданың қорғанысы  тас қамалдай болды. Нәтижесінде «Жетісу» мен «Қызыл-Жар» арасындағы кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

Қазақстан чемпионатының биылғы маусымының фавориттерінің бірі «Тобыл» сырт алаңда турнирдің аутсайдер командасы «Шахтермен» ойнады. Қарағандылық клуб өз алаңында турнирлік кестедегі орынын жақсартуға ынталы болды. Бірінші таймның өзінде-ақ Андрей Финонченко шәкірттері алға шықты. Голды колумбиялық тәжірибелі жартылай қорғаушы Рохер Каньяс соқты. Милич Чурчич командасының жағдайды түзеп, жеңіліске жол бермеу әрекетіне қарамастан, «Шахтер» маусым көшбасшыларының бірін тізе бүктіріп, күтпеген жеңіске қол жеткізді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz