Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футзал

Самарқандта футзалдан әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтеді

Жексенбі, 26 мамыр күні Самарқандтағы Регистан алаңында (Өзбекстан) футзалдан 2024 жылғы Әлем чемпионаты финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді. Салтанатты шараны әлемнің 200-ден астам елі тамашалай алады. Жеребе Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады.

10-шы әлем чемпионатында 24 команда бақ сынайды. Турнир 4 қыркүйек пен 6 қазан күндері аралығында Өзбекстанның үш қаласы Ташкент, Бұхара және Андижанда өтеді.

ФИФА рейтингіне сәйкес 24 құрама 4 себетке бөлінді. Жеребе қорытындысы бойынша командалар 6 топқа бөлінеді.

Футзалдан әлем чемпионатының барлық себеті:

1 себет: Өзбекстан, Бразилия, Португалия, Испания, Иран, Аргентина;

2 себет: Марокко, Қазақстан, Таиланд, Франция, Украина, Парагвай;

3 себет: Хорватия, Жаңа Зеландия, Венесуэла, Ауғанстан, Коста-Рика, Тәжікстан;

4 себет: Нидерланды, Гватемала, Панама, Ангола, Ливия, Куба.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz