5-12 маусым аралығында оңтүстік астанада тас жорлдағы велоспорттан Азия чемпионаты өтеді. Жарыс бағдарламасына элита, адерлер, жасөспірімдер, жасөспірім қыздар және пара-спортшылар арасындағы жарыстар кіреді. 29 медаль жиынтығы срапқа салынады. Оның 15-і пара-спортшыларға беріледі. Сонымен қатар, велошабандоздар арасында «Мастер» санаты бойынша жарыстар өтеді. Барлық жарыстар индустриялық аймақта өтеді.
Жарысты ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, Азия велоспорт конфедерациясына 27 елден жарысқа қатысуға өтінімдер түскен.
Олар: Қазақстан, Ауғанстан, Бахрейн, Бангладеш, Қытай, Қытай Тайбэйі, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Иран, Ирак, Жапония, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Макао, Малайзия, Мальдив аралдары, Моңғолия, Оман, Палестина, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Таиланд, Түркменстан, БАӘ, Өзбекстан, Вьетнам. Алдын ала мәлімет бойынша, аталмыш елдерден 445 спортшы жарыс жолына шығады.
2024 жылғы чемпионатта атағы жер жарған спортшылар да өнер көрсетеді: үш дүркін Олимпиада жүлдегері (бұған дейін Ресей құрамасында ойнаған) және бірнеше дүркін Азия чемпионы өзбекстандық Ольга Забелинская, үш дүркін Азия чемпионы вьетнамдық Нгуен Тхи Тхат, сондай-ақ қазақстандық Евгений Федоров. Ол жасөспірімдер арасындағы 2022 жылғы әлем чемпионы, 2022 жылғы Азия ойындарының чемпионы және бірнеше дүркін Азия чемпионы.