Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

Евгений Федоров жекелей жарыста Азия чемпионы атанды

Алматыда тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында ерлер арасында (элита) жекелей уақыт бойынша жарыс аяқталды.

Велододаға 18 елден 19 шабандоз жарыс жолына шықты. Олардың арасында екі қазақстандық – Дмитрий Груздев пен Евгений Федоров болды. Спортшылар 40 шақырымды бағындырып, Федоров Азия чемпионы атанды. Оның уақыт көрсеткіші — 49 минут 46 секунд. Груздев 50 минут 20 секундта мәреге жетіп,  күміс медаль  иеленді. Жапониялық Якуро Арасиро үшінші орынға ие болды. Ол жарыс жолын 51 минут 46 секундта бағындырды.

«Маған таныс жолдар мені жерге қаратқан жоқ. Жеңісімді Қазақстанға және ұлттық құрамадағы жігіттерге арнаймын. Енді 12 маусымда өтетін топтық жарысқа дайындаламыз», — деді Чемпионаттың алтын жүлдегері Евгений Федоров марапаттау рәсімінен кейін.

Айта кетейік, жарыс бағдарламасы бойынша элита, андерлер, жасөспірімдер, жасөспірім қыздар және пара-спортшылар сынға түсіп, 29 медаль жиынтығы срапқа салынуда. Оңтүстік астанада 2 маусым басталған чемпионат  12-маусымға дейін жалғасады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz