Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Мырзағали Айтжанов: «Кем дегенде бір алтын, бір күміс, бір қола медаль алуымыз керек»

Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов боксшылардың Олимпиадаға дайындығы туралы пікір білдіріп, алға қойған мақсаттарымен бөлісті.

«Бір-екі күн бұрын Түркиядан оралдық. Жігіттер жаттығу жасап, демалуға мүмкіндік алды. Күн сайын бір жаттығу болды. Кешке фитнес. Футбол, волейбол ойнап, құмда жүгірдік, теңізде жүздік. Алда ауқымды жұмыстар, ерекше дайындық бар», — деді ұлттық құрама бас бапкері.

Ол Парижде өтетін Олимпиада ойындарындағы команданың міндетін де атап өтті.

«Біреу медаль алады, біреу алмайды деп айта алмаймын. Әрқайсысы Олимпиадаға қатысу құқығына ие болды. Бокста әртүрлі жағдайлар болады. Көп нәрсе жеребеге байланысты. Біздің ең кем дегенде бір алтын, бір күміс, бір қола медаль алуымыз керек деп ойлаймын. Бірақ, бұдан да жақсы нәтиже көрсетеміз деп үміттенеміз. Боксшыларымыздың әрқайсысының медаль иеленуге мүмкіндігі бар», — деп қоса кетті Мырзағали Айтжанов. 

Айта кетейік, 2024 жылы Париждегі Олимпиада 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Төртжылдықтың басты додасында ерлер боксында барлық салмақта Қазақстан мен Өзбекстан ғана өнер көрсетеді. Ал әйелдер боксында Аустралия, Қытай және Ирландия толық құрамда шаршы алаңға шығады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz