Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Криштиану Роналду жаңа әлемдік рекорд орнатты

Сауд Арабиясының Аль-Наср және футболдан Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду тағы бір әлемдік рекордтың авторы атанды.

Ол ұлттық құрамасына 2024 жылғы Еуропа чемпионатына дайындық аясында Ирландияны жеңуге көмектесті. Футболдан Португалия ұлттық құрамасы Авейру қаласында өткен жолдастық кездесуде Ирландияны тізе бүктірді. Кездесу 3:0 есебімен португалиялықтардың пайдасына аяқталды. Алғашқы болып Жоао Феликс (18-минут) есеп ашса, одан кейін Криштиану Роналду дубль (50-минут, 60-минут) жасады.

Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясының мәліметі бойынша, Ирландияға қарсы кездесу португалиялық футболшының топ деңгейдегі 1226-шы кездесуі болды. Осылайша ол Бразилияның бұрынғы қақпашысы Рожерио Сениден озды.

Роналду Португалия, Англия, Испания, Италия және Сауд Арабиясы чемпионаттарында 698 матч, сондай-ақ осы елдердің кубок турнирлері мен Суперкубогында 101 ойын өткізген. Бұдан бөлек ол халықаралық клубтық турнирлерде 220 ойынға қатысып, ұлттық құрама сапында 207 матчта алаңға шыққан.

Алдағы 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияда өтетін Еурода Португалия құрамасы Түркия, Грузия және Чехия командаларымен F тобында өнер көрсетеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz