Турки Аль-аш-Шейх лига құру туралы келіссөздер жүргізуде.
Сауд Арабиясындағы спорттық іс-шараларды ұйымдастырушы, корольдік отбасының мүшесі Турки Аль-аш-Шейх кәсіпқой боксқа революциялық жоба дайындап жатыр, — деп хабарлайды Reuters.
Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қоры (PIF) әлемнің бірнеше жетекші промоутерлерімен келіссөздер жүргізуде. Мақсат – бокстағы ойын ережесін түбегейлі өзгертуі тиіс кәсіпқой бокс лигасын құру. Жобаның құны шамамен 4-5 миллиард долларды құрайды. Жаңа жоба UFC секілді, бірақ бокстағы ұйым болмақ және WBA, WBC, IBF және WBO бокс ұйымдарының қызметінен бас тартуы мүмкін.
Лиганың іс жүзінде қалай жұмыс істейтіні әзірге жарияланған жоқ. Бірақ жақында Эр-Риядта Эдди Хирн мен Фрэнк Уорреннің Queensberry Promotion промоутерлік компаниясының боксшылары арасында кездесу өткенін айта кетейік.
Reuters агенттігі жаңа бастамаға байланысты ақпарат алу үшін Сауд Арабиясы мен Эдди Хирнге хабарласқан. Бірақ олар бұл тақырып жайлы әңгіме қозғаудан бас тартты. Golden Boy бас директоры Оскар де ла Хойя да бұл сұраққа мүлде жауап бермеді.